Атырау, 19 желтоқсан 22:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Әнші Мұқасанға қатысты қылмыстық іс қозғалды

205 рет қаралды
Сурет:  instagram.com/zhan_ahmadiev
Сурет: instagram.com/zhan_ahmadiev

«Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы мүшесі Мұқасан Шахзадаев адамға қол жұмсады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Белгілі болғандай, 22 қараша күні азаматтық шағым түсіп, әншіге қатысты өндіріс басталған.

«22 қарашада Наурызбай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын М. есімді азамат арыз жазып, оған және басқа да тұлғаларға дене жарақатын салу фактісі туралы хабарлады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полиция өкілдері.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, мамандар оқиғаның барлық жағдайын анықтап жатыр.

«Тергеу объективті, жан-жақты және толық көлемде өткізіледі. Нәтижесіне сәйкес заң аясында шешім қабылданады», – деп хабарлады ведомство.

25 қараша, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.