
Словения азаматтары жексенбі күні өткен референдумда парламент қабылдаған, ауыр дертке шалдыққан немесе төзгісіз азап шегіп жүрген адамдарға медициналық көмек арқылы өмірін тоқтатуға мүмкіндік беретін заңға қарсы дауыс берді. Бұл туралы Евронью́с хабарлады.
Дауыс беруге ел халқының 41%-ы қатысты, олардың 53%-дан астамы заңды қолдамады. Қарсы пікірді консервативті партиялар мен католик шіркеуі белсенді түрде насихаттады.
Референдум бастамашысы Алеш Примц бұл нәтижені «зейнеткерлер мен мүгедектер үшін үлкен жеңіс» деп атады. Ал парламент вице-спикері Наташа Сукич консервативті күштер қоғамды «жалған ақпаратпен адастырды» деп мәлімдеді.
Айта кетейік, өткен жылы өткен референдумда Словения халқы жалпы идеяны қолдаған болатын. Бұл жолы нақты заң жобасы талқыланып, қабылданбады. Легализацияны жақтаушылар болашақта мәселе қайта қаралуы мүмкін деп үміттенеді.
В Атырау -1