Атырау, 19 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Электрондық үкімет eGov.kz жүйесіне кіруге арналған жаңа тәсілдер енгізілді

362 рет қаралды

Қазақстандықтар eGov.kz порталындағы және қосымша сервистердегі жеке кабинетіне кіру үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) хабарлағандай, электрондық үкімет порталы eGov.kz пен оның құрамдас бөліктерінде (eOtinish сервисі, Smart Bridge платформасы, «Ашық үкімет» порталы) пайдаланушыларға жаңа авторизация әдісі енгізілген.

Енді пайдаланушыларға бірнеше аутентификация нұсқасы қолжетімді:

  • eGov QR – eGov Mobile мобильді қосымшасында QR кодты сканерлеу арқылы кіру;
  • Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып авторизациядан өту – растама SMS-код арқылы жүзеге асады;
  • Логин мен пароль арқылы кіру – пайдаланушы ЖСН/БСН мен парольді енгізеді, ал жеке тұлғаны растау ЭЦҚ арқылы жүргізіледі.

Егер пайдаланушы eGov Mobile мобильді қосымшасын белсенді қолданса, авторизация үшін оған QR кодты сканерлеу функциясы – eGov QR – ұсынылады.

Логин (ЖСН/БСН) мен парольді пайдаланып авторизациядан өтудің жаңа механизмі мобильді оператор желісінің қолжетімсіз аймақтарында ыңғайлы. Бұл жағдайда жеке тұлғаны SMS-код арқылы растау қажет емес. Пайдаланушыға парольді ұмытып қалса, оны қалпына келтіру мүмкіндігі де берілген. Жүйе пайдаланушыға қолжетімді деректерді автоматты түрде анықтап, тиісті енгізу өрістерін ұсынады. Сәтті тексеруден кейін ақпарат ЭЦҚ арқылы расталып, авторизация процесі аяқталып, жеке кабинетке қауіпсіз кіру қамтамасыз етіледі.

Жаңа механизм қолданыстағы әдістерді толықтырып, порталдағы аутентификация нұсқаларын кеңейтеді. Жаңарту порталдың және оның құрамдас бөліктерінің электрондық мемлекеттік қызметтеріне қолжетімділікті қауіпсіз, ыңғайлы етіп, баламалы идентификация тәсілін ұсынуға бағытталған.

24 қараша, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.