Атырау, 19 желтоқсан 22:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

РФ Қорғаныс министрлігі Затишье ауылының алынғанын хабарлады

344 рет қаралды

Ресей Қорғаныс министрлігі Запорожье облысындағы Затишье елді мекені Ресей армиясының бақылауына өткенін мәлімдеді. Ведомство дерегінше, ауылды «Восток» әскери топтарының белсенді шабуыл әрекеттері нәтижесінде алған, деп хабарлайды АА.

Министрліктің Telegram-арнасында жарияланған ресми ақпаратта ресейлік авиация, дрондар, ракеталық және артиллериялық күштер Украина инфрақұрылымына, оқ-дәрі қоймаларына және қарсылас күштердің уақытша орналасқан орындарына соққы бергені айтылған. Сонымен қатар әуе қорғаныс жүйелері 345 ұшқышсыз аппаратты атып түсіргені хабарланды.

РФ Қорғаныс министрлігі Затишье ауылының алынуы «Восток» топтарының позициясын нығайтып, алдағы ілгерілеуге жол ашатынын атап өтті.

Украина тарапы бұл ақпаратты растамай отыр.

24 қараша, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.