
Степногорск қаласының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік саладағы заңдылықты сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Алимент төлеуден қасақана жалтарған екі борышкер ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша жауапқа тартылып, оларға 300 сағаттық қоғамдық жұмыстар тағайындалды. Бұдан бөлек, жеті борышкер ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылып, 2-ден 5 тәулікке дейін қамауға алынды.
Қадағалау шараларының нәтижесінде биыл кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 23 млн теңгеден астам алимент өндірілді.
Сонымен қатар прокуратура екі жеке сот орындаушысының табыстарын төмендетіп көрсету арқылы салықтан жалтарғанын анықтап, бюджетке 855 мың теңге қайтарылды. Жұмыстағы олқылықтары үшін алты сот орындаушыға тәртіптік жаза қолданылды.
Прокуратура қабылдаған шаралар азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, сот актілерінің орындалуын күшейтуге және сот орындаушылары қызметіндегі заңдылықты нығайтуға ықпал етті.
В Атырау -1