Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Индер ауданында игерілмеген жер телімдері анықталды

261 рет қаралды

Индер ауданы бойынша жалпы 1087596 жер болса, оның 935678 гектары ауыл шаруашылығының мақсатындағы жерлер болып табылады. 

Биыл 12000 гектардың жері игерілмегені анықталып, оның 8711 гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 4500 гектар жер телімін қайтару жұмыстары жүруде. 

Бұдан бөлек 9515 гектар болатын 31 жер телімінің шарасын алу үшін Атырау обысы жер ресурстарын басқару департаментіне тиісті құжаттар жолданған. 

2025 жылы 4 рет конкурс өткізіліп, нәтижесінде 5963 га жер телімі табысталса, оның 1695-і қайтарылған жерлер.

Осы жылдың 4-ші тоқсанында өткізілетін конкурсқа шығаруға 12453 га 34 (оның ішінде 7000 га жер, 20 жер телімі осыған дейін қайтарылған жерлер) телімінің жерге орналастыру жобасы жасақталуда. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қараша, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.