Атырау, 19 желтоқсан 22:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Қанат Бозымбаевтың басшылығымен комиссия Алғабастағы өрттің себебін тергеумен айналысады

221 рет қаралды
Сурет: primeminister.kz
Сурет: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Жетісай ауданыАлғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеп-тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы енгізілді.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Әкімдікке өрт салдарынан қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу тапсырылды. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша шешімдер қабылданатын болады.

Комиссияның жұмысы ерекше бақылауда.

18 қараша, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.