Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Түркістан облысында жеке үй өртеніп, 12 адам қаза тапты

254 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында екі қабатты үйде шыққан өрт салдарынан 12 адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Ведомствоның мәліметінше, бүгін таңертең ТЖД-нің «101» қызметіне Алғабастағы жеке тұрғын үйдің өртенгені жөнінде хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер жеткен сәтте үй толықтай өртке оранғаны белгілі болды.

Барлау және өртті сөндіру кезінде құтқарушылар үй ішінен ес-түссіз жатқан үш адамды шығарып, оларды жедел медициналық көмек қызметіне тапсырды. Сонымен қатар, тоғыз бала бар жалпы 12 адамның денесі табылған.

Көршілердің айтуынша, қайғылы оқиға болған үйде бір күн бұрын қонақтар жиналғаны белгілі болған.

Өрт 360 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қазіргі уақытта барлық жедел қызмет оқиға орнында жұмыс істеуде. Өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр, тергеу басталды.

18 қараша, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.