Атырау, 22 қараша 21:12
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Пирсте саз төгілткен оркестр

1 803 просмотра

Жантөрин атындағы облыстық филармонияның музыканттары әр сенбі сайын Жайық жағалауында концерт ұйымдастырады.

«Атырау» шипажайының жанындағы пирсті атыраулық әртістер 2010 жылдың күзінде-ақ ұнатып қалған болатын. Үш жыл бұрын импровизацияланған музыкалық алаңда әр жұма мен сенбі сайын концерттер өткізіліп, орындаушылар мен репертуар үнемі өзгеріп отыратын. Алайда филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі үлкен жетістікке ие болды: аппақ костюм киген көрнекті музыканттар орындаған классикалық вальстер, танго мен джаз композициялары өзен көрінісімен өте романтикалық күйге енеді. Сол үшін де серуендеп жүрген қала тұрғындары оларды қызу қошеметіне бөлейді. Атыраудың кейбір тұрғындары жағалаудағы музыканттардың өнерін тамашалау үшін қаланың басқа аудандарынан әдейілеп келеді.

Жақсы музыка тыңдағыңыз келе ме? Ендеше, әр сенбі сайын сағат 19.00-де жағалауға келіңіз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.