Атырау, 5 желтоқсан 09:10
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жылыой ауданында қыздар лайк үшін​ жасөспірім жоғалды деп жалған хабар таратқан

232 рет қаралды

Жылыой ауданында 14 жастағы үш қыз әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған қыз жоғалды деген жалған ақпарат таратқан.

Тексеру барысында олардың мұны «лайк» жинап, желіде танымал болу үшін жасағаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің кім екенін тез анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді.

Тексеру нәтижесінде олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі («Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың мінез-құлқына жауапкершілікті орындамау») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Лайк немесе пранк үшін жалған ақпарат таратып, хайп қуу — бұл батылдық емес. Бұл — қоғамдық тәртіпті бұзу және азаматтарға құрметсіздік. Мұндай әрекеттер заңмен қатаң реттеледі», — деді аудандық полиция бөлімі.

Ювеналды полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың интернеттегі іс-әрекетін бақылаудың маңызын еске салды:

«Балаларыңыздың интернетте не істеп жүргенін қадағалаңыздар. Тәрбиедегі жауапкершілік — қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі», — деді ювеналды полицияның аға учаскелік инспекторы, полиция капитаны Жанаргүл Жолдасқалықызы.

Еске сала кетейік, 24 қазанда Құлсарыда 15 жастағы қыз жоғалып, 7 қарашада Ақтөбеден табылған болатын.

10 қараша, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.