Атырау, 5 желтоқсан 09:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құлсарыда жоғалған жасөспірім Ақтөбеден табылды

391 рет қаралды

Жылыой аудандық полиция бөлімі Құлсары қаласының 15 жастағы тұрғыны Жұлдызай Мұсағалиеваның табылғанын хабарлады.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жылыой ауданы мен Ақтөбе облысының тәртіп сақшылары бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жасөспірім Ақтөбе қаласынан анықталған.

«Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған азаматшаның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған факт бойынша қажетті тексеру жүргізілуде», — деп нақтылады полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары іздеу жұмыстарына көмектескен барлық азаматтарға алғыс білдіріп, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге және олардың қайда жүргенін бақылауға шақырды.

Еске салайық, жасөспірім 24 қазан күні сағат 22:00 шамасында үйден шығып кеткен. Алдымен Құлсарыдан Атырауға, кейін Ақтөбеге жол тартқан.

7 қараша, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.