
2025 жылы 24 қазанда, сағат 17:00 шамасында Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны Жұлдызай Мусағалиева үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың бойы орташа, үстінде спорттық қара түсті костюм, қара шалбар, аяғында ақ спорттық киім. Қолында қоңыр сөмке және iPhone 11 маркалы қара түсті қаптағы ұялы телефоны бар.
Полицияның мәліметі бойынша, бұған дейін жасөспірім қыз үйінен екі-үш рет кетіп қалып, қайта табылып жүрген.
Егер Жұлдызай туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу 102 нөміріне хабарласуды сұралады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +4