
Талдықорғанда жол-көлік оқиғасынан кейін полиция қызметкері жұмыстан босатылды. Бұл ақпаратты Жетісу облысының полиция департаменті растады.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға Мұстафа Өзтүрік және Орақты Батыр көшелерінің қиылысында болған. Toyota автокөлігін полиция қызметкері басқарған, ол Aito M9 автокөлігімен соқтығысқан.
"Алдын ала белгілі болған мәліметтер бойынша, Toyota автокөлігінің жүргізушісі жол қиылысында қозғала отырып, Aito M9 автокөлігімен соқтығысқан. Жүргізуші, бұрынғы полиция қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды", - деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда.
Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаеваны полиция көлік жүргізу кезінде тоқтатып, сараптама оның мас болғанын растаған еді.
В Атырау +4