
Астана қалалық соты алкогольдік мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған Астананың азаматтық істер бойынша ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаеваға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі әзірлеген әкімшілік материалдар Бас прокуратураға жолданған. Қолданыстағы тәртіпке сай, Бас прокуратура судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін ұсынысты Жоғары Сот кеңесіне енгізеді.
«Судьялардың ерекше құқықтық мәртебесі оларды жауапкершіліктен босатпайды. Сот жүйесі заңдылық пен әділдік қағидаттарына сүйене отырып, лауазымына қарамастан, барлық азаматтардың заң алдында теңдігін қамтамасыз етеді», – делінген ресми хабарламада.
Астана қалалық соты уәкілетті органдардың тексерісі заңнама талаптарына сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.
В Атырау +4