
Бүгін Мақат кентіндегі Ермаш Аманбердиев көшесінде балаларға арналған жаңа ойын алаңы пайдалануға берілді.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Мәмбетов:
«Ойын алаңы – балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған нақты қадам. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», — деп атап өтті.
Іс-шара барысында балалар алаңшалары мен әмбебап спорттық ойын алаңының лентасы қиылып, ресми түрде ашылды.
Жергілікті тұрғындар аудан әкімдігіне алғыстарын білдіріп, балаларға жасалған жағдайға ризашылықтарын жеткізді.
Ойын алаңы жарықтандырылып, кент балаларының серуендеп, демалуына қолайлы орта жасалған.
В Атырау +4 









