MAIDAN.KZ. «“Ұлтшылдар мен оппозицияның бірігуі бүгінгі билік иелері үшін – үлкен қауіп”» - Ең жиі қойылатын, біздің әлсіздігіміздің басты себебі ретінде айтылып жүрген сұрақтардың бірі «Қашан бірігесіңдер?» немесе «Бастарың неге қосылмайды?» деген сұрақ.
AZATTYQ.ORG. «Қазақстандағы партияларды қаржыландыру көздері» - Қазақстандағы саяси партиялардың көбінің қаржы көзі жұрттан құпия. Әдетте партиялар кірісі мен шығысы туралы ақпаратты жарияламағанды жөн көреді.
«Ауған қоғамының біз білмейтін құпиялары» - Ауғанстаннан шыққан америкалық жазушы Нушин Арбабзада шоқынған ауғандар, трансвеститтер мен осы елдегі гей-блогшылар туралы кітап шығарды.
«”Магнитский тізімі” ұзаруы мүмкін» - АҚШ прокурорлары Ресей заңгері «Магнитский тізіміне» қатысты қандай активтерді тұтқындау қажеттігін тексеріп жатыр. Прокурорлар арызында жазылған бірнеше ресейлік АҚШ-тың «қара тізіміне» енуі мүмкін.
TURKYSTAN.KZ. «Шағын қалаларда 1,5 миллион адам тұрады» - Шағын қаланың қамы қашан жасалады? Қазақстандағы қалалықтардың 16,8 пайызы шағын қалалардың тұрғыны. Олар үшін әрине жергілікті әкімдіктер жауап береді, алайда бөлінген қаражаттың мардымсыз жобаларға жұмсалатыны жасырын емес.
«Қазақстанға көп векторлы саясат тиімді ме?» - ХХІ ғасырда белгілі бір мемлекетті геосаяси басымдыққа жетеді деп айту қиын. Әрине, Кеңестер Одағын ыдыратып, социалистік лагерьдің бәсекелестігінен арылған АҚШ қысқа уақытқа болса да әлемдік доминантқа айналу мүмкіндігіне ие болды дей аламыз.
«Кремль ереванға күш көрсетті ме? Армения Кедендік одаққа кірмекші» - Қазір халықаралық қауымдастық Сирия мәселесімен қоса, Арменияның сыртқы саяси бағытын аяқасты өзгерткенін талқылауда.
ALASHAINASY.KZ. «Асылтұқымды қазақ тұлпарының дүбірі қайда?» - Тұяғы тасты илеп, шапқан жері ор болып қалатын қазақ жылқысының қасиеті де керемет. Бірақ жылқысы үйір-үйір болған қазақ жылқысының асылтұқымдысы азайып бара жатқаны қынжылтады.
«Ипотекалық несие арзандамайды» - Қазір ірі қалаларда тас лақтырсаңыз, баспанасыз жүргендердің басына барып тиеді. Былтырғы ресми статистика бойынша, елімізде 400 мыңдай отбасы пәтер кезегінде тұр екен. Бірақ бұл біздегі баспанасыздардың нақты санын көрсетпейді.
AIKYN.KZ «Қытай «синдромы» қауіпті ме?» - Қытайдың жаңа басшысы Си Цзиньпиннің жақында Орта Азия республикаларына (Тәжікстаннан басқа) арнайы жасаған сапары қоғамда түрлі пікір туғызды.
JASQAZAQ.KZ. «Мұхит асқан мұңлықтар» - Биржа тауарына, негізінен, шетелден асырап алынған балалар айналған, ал жергілікті балалардың ондағы үлес салмағы өте төмен, 30 пайыз шамасында ғана көрінеді.
«Салықты 450 пайызға көтеру ақылға сыйымсыз» - «Бай адамдарға салықты өсірейік» дегенге қарсы емеспін. Бірақ біздегі байлар халықтың 1-2-ақ пайызын құрайды. Қалғаны – қарапайым адамдар.
SERKE.ORG. «Тауықсыз да таң атады. Оразалиндер болмаса, Одақ опырылып қала ма?» - Нұрлан Оразалин («сен тұр, мен атайын») сенатор болып тағайындалғаннан кейін төрағасыз қалған Жазушылар одағы жаңа басшы сайлау турасында екі топқа бөлініп, қақ жарылыпты.
«Болат Әбілев саясатқа қайта оралса, оппозицияға қайыры бола ма?» - Бізге жеткен кейбір мәліметтерде Б.Әбілевтің белгілі режиссер Тимур Бекмамбетовпен бірігіп кино түсіретіні айтылады.
NUR.KZ. «Қазақстанда жанармай қоры таусылып барады» - Сондықтан АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасы шарықтауы мүмкін.
BAQ.KZ .«Шәкірт шетке шықтым деп, шектен шықпасын» - Қазір қиырда жүрген өрімдей інілеріміз бен қарындастарымыздың тәртібі мен жүріс-тұрысы қазақ қоғамын алаңдатып отыр. Жөргекке сыйғанмен, жер-көкке сыймай жүрген жастарымыз елдің айнасы екендерін, ең алдымен мемлекеттің абыройы мен беделі маңызды екенін ұмытып кететін тәрізді.