Атырау, 5 желтоқсан 11:17
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

БҚО аумағында дрон жарылды

330 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысының аумағында белгісіз дрон жарылды. Оқиға бүгін таңертең Бөрлі ауданындағы Қызылтал ауылына жақын жерде болған, деп хабарлайды Орал апталығы.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан ауылдағы үйдің шатырлары ұшып кете жаздаған. Дрон әскери зарядпен жабдықталған, жер бетінде пайда болған шұңқыр оның жоғары қуаттағы жарылыс болғанын көрсетеді.

Қазіргі таңда оқиға орнында аудан әкімдігі, ТЖД және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әскери прокуратура іс қозғады.

Естеріңізге сала кетейік, БҚО аумағында бұған дейін бірнеше рет ұшқышсыз аппараттар құлаған жағдай тіркелген. Сондай-ақ, бүгін таңертең көршілес Орынбор облысында ұшқышсыз аппарат қаупі туралы да ескерту жарияланған.

23 қазан, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.