
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Индустрия және құрылыс министрінің бұйрығымен ел аумағынан қара металл сынығы мен қалдықтарын (пайдаланылған) сыртқа шығару уақытша шектелген.
Алайда белгіленген ережелерге қарамастан, Маңғыстау облысындағы төрт компания тәртіпті бұзған. Маңғыстау көлік прокуратурасының бастамасымен мемлекет кірісіне 380 тонна металл сынығы өндірілді.
Қабылданған шаралар заң бұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік берді. Прокуратура органдары «Заң мен тәртіп» қағидаларын іске асыру және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.
В Атырау +4