Атырау, 16 наурыз 13:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Самара - Шымкент жолындағы көлік апатынан 12 адам қаза болды

373 рет қаралды

Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында Самара — Шымкент тасжолында болды. Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты, деп хабарлайды Қазақпарат. 

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен ГАЗель автокөлігінің 10 жолаушысы көз жұмды. Тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ГАЗель аудан мен облыс орталығы арасында жолаушылар тасымалдаған, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД ресми парақшасы.

Қазір жедел тергеп-тексеру үшін тергеу тобы құрылды. 

23 қазан 2025, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.