Атырау, 5 желтоқсан 07:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Дуров ұрланған Лувр зергерлік бұйымдарын сатып алуға дайын екенін айтты

284 рет қаралды

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров француз Луврінің қарақшылыққа ұшырағанына таңғалмағанын білдіріп, ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алып, оларды Абу-Дабидегі Луврге тапсыруға дайын екенін хабарлады, деп жазады Коммерсантъ.

Дуров оқиғаны Францияның құлдырауымен байланыстырып, X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде бұл жағдайды «деградация белгісі» деп сипаттады. Бір қолданушы Дуровты ұрлық жасаған деп әзілдесе, ол: «Ұрланған зергерлік бұйымдарды қуана сатып алып, Луврге қайтарамын. Әрине, Абу-Дабидегі Луврге; Абу-Дабидегі Луврден ешкім ұрламайды», — деп жауап берді.

Париждегі Лувр музейі 19 қазан күні таңертең қарақшылыққа ұшырады. Қылмыскерлер музейге терезе арқылы кіріп, француз монархиясының қазыналары сақталған Аполлон галереясындағы витриналарды тонаған. Париж прокуратурасы қарақшылықтың екі нұсқасын қарастыруда, ал ІІМ шетелдіктердің қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармай отыр.

21 қазан, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.