Атырау, 5 желтоқсан 07:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Луврда құнды жәдігерлер ұрланды

310 рет қаралды
XIX ғасырда Наполеон III-нің зайыбы, императрица Евгения таққан тәж музей маңынан сынған күйде табылды. Сурет: Louvre Museum / Handout / Reuters

Париждегі Лувр музейінде ірі ұрлық орын алды. Белгісіз адамдар Наполеон Бонапарт пен оның жұбайы императрица Жозефинаға тиесілі зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды myweekend.ru.

Бұл туралы Францияның мәдениет министрі Рашида Дати X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Оқиға 19 қазан күні таңғы шамамен 9:30-да болған.
Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньестің айтуынша, қылмыс алдын ала жоспарланған және жақсы жабдықталған 3–4 адамнан құралған топпен жасалған. Олар жүк көлігінің көмегімен көтергіш саты қолданған және музей терезесін дискілі арамен кесіп кірген.

Ұрланған жәдігерлер:
France Press мәліметінше, алқа, сәнді түйреуіш, тиараны есептегенде, барлығы тоғыз бұйым қолды болған.

Ұрлықтан кейін қаскүнемдер скутермен қашып кеткен, ал жүк көлігін оқиға орнында тастап кеткен. Лувр маңынан Наполеон III-нің жұбайы императрица Евгения киген сынған тәж табылды.

«Қылмыскерлерді мүмкіндігінше тез ұстау үшін барлық шаралар қабылданып жатыр», — деді Лоран Нуньес.

Луврда бұған дейін де осындай оқиғалар болған:

1911 жылы «Мона Лиза» ұрланып, тек екі жылдан кейін табылған.
1983 жылы Қайта өрлеу дәуірінің салтанатты сауыттары жоғалып, олар тек 40 жыл өткен соң табылды.

20 қазан, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.