
Павлодарда күштік құрылым қызметкерлері әлеуметтік желілерде арандатушылық сипаттағы бейнежазбаларды таратқан жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында хабарлады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде әйелдің қазақ халқына тіл тигізіп, елдің аумақтық тұтастығына ашық түрде күмән келтірген бейнежазбасына қатысты жанжал туындаған болатын.
Арнайы қызмет не хабарлады?
Ұстау операциясы 28 қазанда прокуратура органдарының үйлестіруімен жүргізілді.
Күдіктіге қатысты сепаратизмді насихаттау және алауыздық қоздыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды;
ҰҚК мәліметінше, әйел бұған дейін есірткіні заңсыз сатқаны үшін сотталған.
Ведомство тергеу барысы туралы өзге ақпаратты жарияламады. Бұған ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы негіз болған.
В Атырау +17.2