Атырау, 5 желтоқсан 07:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда әйел учаскелік полицейді пышақтап жаралады

518 рет қаралды
Көрнекі сурет

Оқиға 16 қазан күні кешкі уақытта Привокзальный ықшамауданында орын алған.

Учаскелік екі инспектор көршілес пәтерден шыққан қатты музыкаға, шуға және балағат сөздерге байланысты шағым бойынша шақыртуға келген.

Учаскелік инспектор тыныштықты бұзғандарды сабасына түсіруге тырысқан кезде, сол жерде болған әйелдердің бірі пышаққа жармасқан. Куәгерлердің айтуынша, инспектор арқасынан жарақат алған.

Жараланған қызметкерге медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне қауіп жоқ. 37 жастағы күдікті әйел ұсталды.

Шабуыл фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 6-бөлігі 1-тармағы («Билік өкіліне өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

17 қазан, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.