ABAI.KZ. «Мысырдағы жанжалдың астары» - Орталық Азия республикаларының, әсіресе Қазақстанның Мысырмен ерекше байланысы бар. Бұл, алдымен, аталған мемлекеттің ислам елдерінің ішіндегі зайырлы, демократиялы ел болғандығынан, одан қалаберді — еліміз Тәуелсіздік алысымен қайта жанданған дінни істерді бір ізге түсіруде осы елді басты әріптес ретінде таңдап алғанымыздан. Өткен 20 жылда екі елдің қарым-қатынасы үздіксіз бекемденіп келді.
«Сарбаздарымыздың бірін – табытқа, бірін түрмеге тоғыту қайтсек тыйылады?» - Өз-өзіне қол салды. Бұл – Отан алдындағы міндетін атқарып жүріп белгісіз жағдайда қайтыс болған сарбаздардың өліміне қатысты айтылатын жауапты органдардың жаттанды сөзі.
«Ресейдің мүддесін тықпаламай, халқымыздың таңдау құқын қорғауымыз керек» - Көлемі 150 шаршы метрден асатын пәтерлер мен 300 шаршы метрден асатын жеке тұрғын үйлерге салынатын салық көлемі 3 есеге дейін өсуі мүмкін. Сондай-ақ «қанша ластасаң, сонша төлейсің» деген қағидамен 3-4 мың.текше.см көлемнен асатын көліктерге салынатын салық түрі де ұлғаймақшы.
ULT.KZ. «Оралдағы казактарды тайраңдатып қойған кім?» - Батыстың қазағы өршіл, намысшыл келеді деуші еді. Соңғы кездері күмәніміз көбейіп жүр. Бұған Батыс Қазақстан облысындағы казактардың бассыздығына «әй дейтін әженің, қой дейтін қожаның» болмауы себеп.
ZHASALASH.KZ. «Визасыз қарым-қатынас қазақтың қытайға жұтылуына жол ашады» - Қытаймен визасыз қарым-қатынас жасауды қазақстандық шенеунiктердiң қалай “ойлап тапқаны” белгiсiз. Әйтпесе, әлем бойынша бiрде-бiр мемлекет дәл осы Қытаймен мiндеттi түрде визамен барыс-келiс жасайды.
«“Бала Байбек” тағы бүлдiрiп қойды» - “Нұр Отанның” ығай мен сығайлары “қазан айында Астананың төрiнде бас мүжiп отырып басты мәселелердi талқылаймыз” деп қомпаңдасты.
«Менiң өмiрiмдегi жаңа кезең» - Жоғалтқанымыз бен опынған тұстарымыз да уақыт еншiсiнде қалды. Бiз жақын достарымыз, серiктерiмiз Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Заманбек Нұрқадiловтен айырылдық. Алайда бұл қасiреттер менi сындыра алған жоқ. Керiсiнше, рухани жағынан қуаттандым, ал көзқарасым, сенiмiм нығая түстi.
«Соғысқа қатысып келгендер аймаққа қауiп төндiредi» - Қырғызстанның арнайы қызметiнiң дерегiнше, Сирияда дайындықтан өткен лаңкестiк топ Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиыны кезiнде теракт жасамақ болған.
«“Салық төңкерiсi” елдi төңкерiп жүрмесе» - Депутаттар министрге “барлық мәселенi салықты көтеру арқылы шешкенше, дұрыс жұмыс iстеңдер” деп тап бердi.
ULT.KZ. «Білімсіз бидің ақылы...» - Тәуелсіздік алдық деп шуылдағанына 21 жыл болса да қазекемнің кейбір ақсақалдары, әсіресе тіліміздің тазалығы, оны бұрынғы саф күйіне келтіріп өзге тілдің кір-қоқысынан арылту туралы сөз бола қалса, ілгері басқан аяғыңды кері тартып, адымыңды аңдып керауыз көсемдігін көлденең тартуын қоймай-ақ келеді.
TURKYSTAN.KZ. «”Юпи-гейт” операциясы» - Ерлан Өмірәлиев «төңкеріс жоспарының» басында кімдердің тұрғанын атын атап, түрін түстеп берді. Олар белгілі саясатшылар Садыр Жапаров, Әлікбек Жекшенқұлов, Талант Мамытов, Қуанышбек Қадыров, Мұқар Шолпанбаев және жастар қозғалысының лидері Шыңғыз Қапаров екен. Уландыру ісімен айналысатындардың ішінен «Хизбут-Тахрирдің» мүшелерінің бірі аталды.
«Сыздықова енді шешіне ме?» - Бүгін «Нұр Отан» ХДП мүшелігінен бұрынғы мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықова мен Білім және ғылым вице-министрі болған Саят Шаяхметов партия мүшелігінен шығарылып, билеттерін қайтарып берді.
AZATTYQ.ORG. «Сыздықова өзіне таққан айыпты жоққа шығарады» - Президентшіл «Нұр Отан» партиясынан шығарылған Бақыт Сыздықова өзіне тағылған «қарыз ақша» туралы айыпты жоққа шығарады. «Нұр Отан» одан 15 миллион теңге қайтаруын талап етеді.
SERKE.ORG. «Қадірі кеткен кадр саясаты» - Қазақстандық биліктің кадрлық саясаты «қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен олардың қосындысы өзгермейді» деген қарапайым арифметикалық ережеге сай келеді.
«Қазақстанда 300 мың мигрант заңсыз жұмыс жасап жатыр» - ҚР сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2012 жылы Қазақстанда уақытша жұмыс жасауға келген мигранттардың саны 20,8 адамды құраған. Мұнымен қатар жеке істері бойынша республикаға 528,6 мың адам келген.
AIKYN.KZ «ҰБТ-ымен қоштасатын болдық» - Қазақстанда Ұлттық біртұтас тестілеу 2015 жылға қарай алынып тасталады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов айтты.
ALASHAINASY.KZ. «Несие проблемасын шешуі тиіс қордың өз проблемасы шешілмей тұр» - Григорий Марченко мырзаның өзі «қор шығаратын құнды қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорлары мен коммерциялық банктер сатып алып жатса, онда Ұлттық банк те ол туралы ойланып көреді» деп түлкі бұлаңға салған еді.