Атырау, 13 ақпан 03:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

БЖЗҚ: 10% зейнетақы жарнасы лайықты зейнетақыға жеткіліксіз

301 рет қаралды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) есебінде көрсетілгендей, қазіргі 10% мөлшеріндегі зейнетақы жарнасы ұзақ жылдар бойы жүйеге қатысқан жағдайда да жеткілікті деңгейдегі зейнетақы табысын қамтамасыз ете алмайды, деп хабарлайды Nege.Aqsha.

Есептеулерге сәйкес, соңғы жалақының кемінде 30%-ына тең зейнетақы табысын алу үшін келесі шарттар қажет:

  • 40 жыл бойы табыстың 13%-ын аудару;
  • 30 жыл бойы 18% жарна аудару.

Ал егер азаматтың жинақтау жүйесіне қатысу өтілі 20 жылмен шектелсе, дәл сол деңгейге жету үшін 29,2% жарна аудару қажет болады — бұл қазіргі нормадан шамамен үш есе жоғары.

БЖЗҚ сарапшыларының пікірінше, қазіргі 10% мөлшерлеме тіпті ұзақ мерзімде де мақсатты көрсеткіштерге жеткізбейді. Сондықтан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің параметрлерін қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.

15 қазан 2025, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.