Атырау, 5 желтоқсан 13:11
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстанда ең жайлы жағажай таңдалды

258 рет қаралды

Ақтау қаласында 26 қыркүйекте өткен «Mangystau International Tourism Forum» аясында Алматы облысы бірден екі беделді марапатқа ие болып, Қазақстанның жетекші туристік бағыттарының бірі ретіндегі жоғары мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Демалушылардың пікірлері мен тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша, Қонаев қаласындағы №5 жағажай еліміздегі ең үздік жағажай деп танылды. Мұндай жоғары баға жағажайдың инфрақұрылым сапасы, сервистік деңгейі және аумақтың абаттандырылуының нәтижесінде берілді. Бұл орын бүгінде өңір тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс аймағына айналып отыр.

Сонымен қатар «ASP Арена» холдингінің бас директоры Олег Воронков туризмді дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Алынған марапаттар өңірдің туризм саласындағы табысты саясатының айғағы болды. Алматы облысы инфрақұрылымды дамыту, туристерге қолайлы жағдай жасау және инвестициялық тартымдылықты арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

14 қазан, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.