Атырау, 5 желтоқсан 13:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Шодиеваның дипломатиялық паспорт​ы: Қазақстан СІМ жағдайдан бейхабар

200 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ERG компаниясының тең иесі Патох Шодиевтің қызы Муниса Шодиеваға дипломатиялық паспорт берілгені туралы ақпаратты растаған жоқ, деп хабарлайды nege.kz.

Министрлік түсіндірмесінде дипломатиялық паспорттар бес жыл мерзімге беріледі, ал олардың мерзімі аяқталғаннан кейін жойылуға тиіс екені айтылған. Сонымен қатар ведомство мұндай құжаттарға қатысты ресімдеу материалдары он жыл бойы сақталып, кейін жойылатынын атап өтті.

«Осыған байланысты Муниса Шодиеваның атына дипломатиялық паспорт берілгенін растау мүмкін емес», — делінген министрліктің ресми сауалымызға берген жауабында.

Бұған дейін «Выход к морю» Telegram-арнасы мемлекеттік деректер базасынан алынған ақпаратқа сілтеме жасап, Шодиева 2003 жылы Қазақстанның дипломатиялық паспортын алғанын, ал он жылдан кейін оның жаңартылғанын хабарлаған болатын.

Дереккөз мәліметінше, паспорт рәсімделген кезде Шодиевада Бельгия мен Ресей азаматтығы болған, бұл Қазақстан Конституциясына қайшы, өйткені елде қос азаматтыққа тыйым салынған.

Сонымен қатар, жарияланған ақпаратта Шодиеваға дипломатиялық паспорт беру үшін ешқандай заңды негіз болмағаны айтылған, себебі ол мемлекеттік қызмет атқармаған әрі Қазақстан аумағында тұрақты тұрмаған.

14 қазан, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.