
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Алматы мен Астанадағы қоғамдық көлік тарифінің 500 теңгеге дейін қымбаттайтыны туралы сарапшы Олжас Байдильдиновтың мәлімдемесіне қатысы бар деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
Олжас Байдильдинов бұған дейін өзінің Telegram-арнасында автобустардағы жолақы 500 теңге болуы керек деп мәлімдеген еді. Ол бұл пікірін мемлекет тарапынан тасымалдаушыларға бөлінетін субсидия көлемімен байланыстырған болатын.
- Олжас Байдильдинов Қоғамдық кеңестің мүшесі емес, ал оның қоғамдық көлік тарифтері жөніндегі мәлімдемелері тек жеке көзқарасы болып табылады. Бұл пікір Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ресми ұстанымын білдірмейді, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, министрлік қоғамдық көлік тарифтерін белгілеу мәселесі тек жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) құзыретінде екенін және бұл Энергетика министрлігінің қызмет саласына кірмейтінін атап өтті.
В Атырау +3