Атырау, 12 желтоқсан 09:02
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

"Баукеспе бізді билеп жүр, Баламыз арба сүйреп жүр...". "Ақиқатқа қастандық жасау – жауыздық". "Қазақ мұнайы 2050 жылға дейін ғана жетеді!". "Миллиардтар кімнің қалтасына кетіп жатыр?". "Әлемде азық-түлік арзандап, Қазақстанда қымбаттады".

2 119 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Жетiмдердi жезөкшелiкке салып, саудалау да – жемқорлықтың “жемiсi”» DailyNews.kz ақпарат агентiгi Алматы қалалық прокуратурасының қамқоршысы жоқ балалардың жағдайына тексеру жүргiзгенiн хабарлады. Қамқорлық жасау мекемесiндегi қызметкерлер жетiм балалардың қандай жағдайда, қайтiп күнелтiп жат­қанынан бейхабар екен.

AZATTYQ.ORG.  «Орыс тілі позициясын қайта күшейтті» - Астанада өтіп жатқан орыс тілі мұғалімдерінің семинарына қатысушылар Қазақстанда орыс тілінің мәртебесі жоғары екенін айтады. Жергілікті тіл белсендісі Ресейдің тіл саясатынан қауіптенеді.

«Әлемде азық-түлік арзандап, Қазақстанда қымбаттады» - БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының қыркүйектегі есебінде негізгі азық-түлік түрлерінің бағасы арзандағаны айтылады. Ал Қазақстанда қымбаттап барады.

MASA.KZ.   «Баукеспе бізді билеп жүр, Баламыз арба сүйреп жүр...» - ...Кезінде Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов қала бюджетін үнемдеу мақсатымен көлік аялдамаларын кәсіпкерлерге 49 жылға жалға бергізген екен.

«Ақиқатқа қастандық жасау – жауыздық» - Ресми дерек бойынша, Қазақстанда үш мыңға жуық ақпарат құралы тіркелген. Конституция бойынша, сөз бостандығына және шығармашылық еркіндікке кепілдік беріледі, әрі цензураға тыйым салынған. Алайда Ата заңнан аттап өтетін заңнамалық құжаттардың үстемдігі тәуелсіз БАҚ-ын бірінен соң бірін жабу науқанына ұласты.

MAIDAN.KZ. «Қазақ тілін кері тартқан – заңдағы шикі баптар» - Қазақ елінде жауыр болса да айтып, көтеріп тұрмасаң болмайтын бір тақырып бар. Ол – қазақ тілінің тілім-тілім болған аянышты күйі.

«”Таяу жылдары жер бетінде адам саны күрт азаяды”» - Жақында ғаламтордан қазақстандық белгілі көріпкел, экстрасенс Бақыт Жұматова жөнінде жазылған мақаланы көзіміз шалды. Онда көріпкел Шымкентте өткен тосын оқиға жөнінде баяндаған.

AIKYN.KZ «Теңгенің қуатын мұнай белгілейді» - Теңгенің долларға шаққандағы бағамы өседі екен деген ұзынқұлақтан тараған сөз желдей есіп, америкалық жасыл қағаздарға сұраныс артып, айырбас пункттерінің қожайындары қалталарын қомақты етіп алғаны жасырын емес.

«Қазақ мұнайы 2050 жылға дейін ғана жетеді!» - Қазақ жерінің қойнауындағы «қара алтын» ең кем дегенде, әлі 50 жылға жетеді. Үкіметтің кешегі отырысында осындай болжам жария етілді. Айтқандай, мұнай қоры бойынша Қазақ елі әлем елдерінің бірінші «ондығына» жақын тұр екен.

«Зейнетақы көлемі 40 пайыздан аса ма?» - «Әйелдердің зейнет жасын 63-ке көтереді» деген сыбыс шыққанда байбаламға басқандар аз болған жоқ. Оның өзіндік себебі де бар еді. Мысалы, елуден асқан әйелді кез келген жер жұмысқа қабылдай бермейді.

«Кенесары ханның сүйегі қайда?» - Мәжіліс депутаттарының Кенесары ханның басын қайтару туралы мәселе көтеріп жатқанын естіп, қуанып қалдық. Бүкіл қазақ жұрты сатқындықпен өлтірілген Кенесарының бас сүйегінің елге қайтарылуын үлкен үмітпен күтіп жүр.

«Миллиардтар кімнің қалтасына кетіп жатыр?» -  Өткен жылы Салық комитетінің мамандары 129 млрд теңгенің айналымында қылмыстық белгілер байқалғандықтан салықтық тексерулер жүргізіп, нәтижесінде 639 материалмен түбегейлі шұғылдану үшін Қаржы полициясына ұсынған.

ALASHAINASY.KZ. «Кеден одағындағы Қазақстан мүддесін басқаға ұқтырудың жолы жоқ па?» - Заман ағымына орай бәсекелестікке қойылатын талап та қатайып тұр. Әлбетте, мұндай қатаң талапсыз ел межесі – озық 30-ға да іліге алмайсың. Қазір қазақстандық кәсіпкерлер Кеден одағы аясында бәсекеде шыңдалуда.

«Отандық экономиканың жаңа бағыты» - Инфрақұрылымның дамуы, тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейі жағынан ауыл-аймақтың ірі қалалардан, басты экономикалық орталықтардан әлдеқайда артта қалғаны рас.

«Қазақ көкпаршылары – Азия чемпионы» - Түркі жұртына ортақ дүниеге айналған ұлттық ойынымыз – көкпар өткен аптада Астана төрінде ұлықталды.

18 қыркүйек 2013, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.