
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде әскери қызметшіге қатысты заңсыз әрекеттерді көрсететін видеороликтің таралуына байланысты түсініктеме берді.
«Аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі болып табылады және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген.
БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз» делінген хабарламада.
В Атырау +3