Гарвард университетінің Сандерс-театрында 23-ші Антинобель сыйлығын ұсыну салтанаты өтті. Ел арасында «Шнобель» деген атаумен танымал жүлде «алдымен күлкі шақырып, кейін ойландыратын» ғылым саласындағы жетістіктер үшін беріледі, деп хабарлайды YTPO.ru.
Беларусия президенті Александр Лукашенко 2013 жылғы Әлемдік Шнобель сыйлығына «бұқаралық қол соғуға тыйым салғаны үшін және беларусиялық полицейлер қол соққан бір қолы жоқ мүгедекті жазалағаны үшін» ие болып отыр.
Медицина саласы бойынша аталмыш жүлде жүрегі алмастырылған тышқандарға операның әсерін зерттеген жапон мен қытайдың бір топ ғалымдарына берілді.
Сондай-ақ мас адамдар өздерін әлдеқайда сымбатты сезінетінін дәлелдеген халықаралық еуропа ғалымдары да бұл жүлдеге лайық деп танылды.
Пияз турағанда адамдар неге жылайды деген сұрақтың астарынан әлдеқайда күрделі себептерді алып шыққан жапон ғалымдары да антинобель сыйлығы иегерлерінің қатарына ілікті.
Ал физика саласы бойынша «адамдар су бетімен жүре алады, әрине су да, адам да Айда орналасқан болса» деген тұжырымдаманы дәлелдеп шыққан авторлар да Шнобель сыйлығының иегері атанды.
Және соңғысы, эпостық жаңалық авторлары: Брайан Крэндолл мен Питер Стал Шнобель сыйлығына толық қайнатылмаған атжалмандарды жұтып және оның қалдықтарын одан әрі зерттеу бойынша тәжірибе жүргізгендері үшін ие болды.
Дереккөз: bnews.kz