Таяу арада Қазақстанға іссапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 21 жасар Руслан ТӨЛЕНОВ туралы әңгімелегеннен кейін ол қас қағым сәтте танымал боп шыға келді.
«Аспанасты» елінің көшбасшысы үлкен саяси және экономикалық мәселелермен қатар, Хайнань университетінде өте жақсы оқып жүрген және науқастардың өмірін арашалап, қан тапсыратын қазақстандық студент туралы әңгімелеп бергенді жөн көрді.
Осынау сүйкімді жігіттің жерлесің екеніңді сезіну жағымды екен. Руслан Атырауда туып-өскен, Авангардтағы №30 мектепті тәмамдаған. Мектептен кейін ол Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжіне оқуға түсіп, бірақ кейін Қытайға барып оқуды ұйғарыпты. Сол жерге оқуға түскен соң, Аспанасты елінде «панда қаны» деп аталатын теріс резус-факторлы өз қанын тапсырып донор болған.
– Хайнань университетіне оқуға түсу үшін Руслан екі жыл қытай тілін оқыды. Қазір ол «Бизнесті әкімшілендіру және басқару» бөлімінің 3-курсында оқиды. Көп уақыты мен күшін оқуға арнайды, - деп әңгімелейді Русланның анасы Фарида ЕРЖАНОВА. – Оқудан басқа университетте баскетболмен және волейболмен айналысады, сол жердегі КВН-ге ұқсас шараға қатысады. Қытайлық БАҚ-тар Руслан туралы ҚХР Төрағасының сөзін жарыса таратқаннан кейін, оны Хайнань провинциясының мәдениет және білім министрі қабылдауына шақырды. Ал университет ректоры оның құрметіне түскі ас ұйымдастырды. Оған университетте 1-курстан бастап оқығаны үшін төлеген ақшаларын қайтарып берді. Диплом алғанша тегін оқу грантын бөліп, магистратура мен докторантура курстарын тегін оқуды ұсыныпты.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ