ZHASALASH.KZ. «Қайта-қайта алдаудан билiк жалықпағанымен, қайта-қайта алданудан халық жалыға бастады» - Елiмiздегi 17 миллион халықтың 10 миллионынан аса тұрғыны қазақ бола тұра, Қазақстан мемлекетiнде сол қазақтың тiлi үстемдiк құра алмағаны өте өкiнiштi-ақ. Бiрақ қаншалықты өкiнсек те, жанымыз күйiнiп, жүрегiмiз қан жыласа да, қайтемiз, қазақ тiлiнiң халi мүшкiл.
«АҚШ Ресей ұсынысын қабылдады» - Ресей Сирия мәселесiн шешудiң жолын ұсынды. Мәскеу Дамаскiнi әскери шабуылға жол бермес үшiн химиялық қару-жарақты “халықаралық бақылауға” беруге шақырды. Мәскеудiң бұл ұсынысын Ресейдiң сыртқы iстер министрi Сергей Лавров мәлiм еттi. Сирияның сыртқы iстер министрi Валид әл-Муаллем “АҚШ агрессияның бетiн қайтару үшiн” ресейлiк әрiптесiнiң бұл ұсынысын Дамаск құптайтынын жеткiздi.
«”Әулиенiң” әлегi талай тағдырды тәлкекке салды. Ал құзырлы органдар дәрменсiздiк көрсетiп отыр» - Шетел азаматының Қазақстанда жүрiп, бiлгенiн iстей алатынын “Сафроний әкей” атанған Петр Евтихеев көзге шұқығандай етiп дәлелдеп бердi.
TURKYSTAN.KZ. «Әр қазақ тіл сақшысына айналуға тиіс» - Журналистің сан соғып қалған тұсы: сот-медициналық сараптама жасалғаннан кейін полиция қызметкерлерінен «Енді не болады?» деп сұрағанында, «ештеңе етпейді, бірнеше орташа жалақы көлемінде айыппұл төлеумен бітетін шығар» десе керек. Алайда арада 1 апта уақыт өткенде Жарылқап Қалыбай сотқа шақырылады да, оны әй-шайға қаратпай, абақтыға ала жөнеледі. Ж.Қалыбайдың айтуынша, сотқа оның үстінен шағымды шекісіп қалған Хабибуллаев (оның ұлты ұйғыр көрінеді) емес, қазақшаға шорқақ Айжан Әбілдина деген қазақ қызға жазғызыпты. Сонда SCAT қазаққа қазақты қарсы айдап салуды көздегені ме?
«Сорға айналған сынақ алаңдары» - «Талай өскелең ұрпақты жарымжан етіп, талай ұрықты анасының жатырында тұншықтырған сынақ алаңдарын жабу керек!». Осындай ұран көтерген бір топ белсенді Астанада бас қосты. Олардың басты мақсаты – Қазақстандағы Ресей жалға алатын полигондарды жабу және КСРО-ның заңды мұрагері саналатын Кремльден өтемақы талап ету.
«Қазақ ғылымын өркендету үшін не істеу керек?» - Магистранттар мен докторанттарға да осы қағаз бюрократиясы кедергілік жасап отыр. Докторанттардың қорғау кезінде жинаған құжаттарының кейде жазған диссертациясының беттерінен көп болып кететіні рас. Мұндай қағазбастылық дамыған ешбір елде жоқ. Сол елдердің Ph D жүйесіне өттік, бірақ жүйенің мазмұның толықтай қабылдадық па? Осы сұраққа көңіл бөлу керек.
AZATTYQ.ORG. «Орталық Азияда Қытайдың жаңа ойыны басталады» - Ауғанстаннан НАТО әскері шығатын уақыт таяп келеді. Осы апта Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде қауіпсіздік мәселесі басқа қырынан талқылануы мүмкін.
«Қытай басшысы сапары ШЫҰ-ның осал тұсын көрсетті» - ШЫҰ саммиті алдында екіжақты келісім-шарттардың көбеюі бұл халықаралық ұйымның аймақтық экономиканы дамытуда кемшін тұстары бар екенін де аңғартады.
MASA.KZ. «Елі еркіндік алған, тілі түрмеде қалған...» - Бұл бассыздықтың шеті мен шегі бола ма?.. Қазақ тілінің кемсітілуіне, келімсектердің кердеңдеуіне қашанғы шыдаймыз?..
SERKE.ORG. «Американдықтар Қазақстаннан асырап алған балаларын интернет-биржада сатып жатыр» - АҚШ-та отбасыдан отбасыға ғаламтор арқылы берілетін «шетелдік асыранды балалар биржасы» (Қазақстаннан бар) жұмыс істейді, деп хабарлады «Российская газета» порталы.
«Көлік салығы: Кім қанша төлейді?» - 2014 жылы қазақстандық көлік иелерінің 3%-ы үшін көлік салығы айтарлықтай өседі, деп хабарлады ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.
«Мамайдың «мама-лап жылағаны» несі?» - Басым бөлігі орыс тілінде шығатын «Ашық Алаң –Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай биылғы жылдың саяси науқанын дау-дамаймен бастады. Оның айтуынша, «Ашық Алаң –Трибуна» газетін Алматы қалалық әкімшілігі сотқа беріп, жауып тастамақшы екен.
ALASHAINASY.KZ. «Қытай мұрағатынан Абылай ханның хаты табылды» - Бұл жолы бір топ қазақстандық ғалым Қытай асып, ықылымнан көрші жұрттан қазақ тарихына қатысы бар 283 том құжаттың көшірмесін әкеліпті. Тұтастай екі ғасырға жуық кезеңді қамтитын осынау тарихи деректерде Цинь империясы тұсындағы қазақ пен қытай халықтары арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстар туралы кеңінен жазылған.
AIKYN.KZ. «”Қазақ тілін” қысқартқан кім?» - Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен кеше Мәжіліс депутаттары жалпы отырыстарын өткізді. Осы жиында ұлтымыз үшін аса маңызды мәлімдеме жасалды: қалаулылар орта білім беру бағдарламасындағы қазақ тілі пәніне бөлінген сағаттардың қысқартылуына қарсы шықты.
«Менталитет өзгеруі тиіс. Бірақ кімнің? Бизнесменнің бе, әлде әкімнің бе?» - Қазақстандық кәсіпкерлер моноқалалардағы шағын және орта бизнеcке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға ықылас таныта қоймауда. Оны мынадан-ақ көруге болады: моноқалаларда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылы бөлінген 4,7 млрд теңгенің бар болғаны 1 миллиарды игерілген.
BAQ.KZ . «Нобель сыйлығын кім алады?» - Букмекерлер 2013 жылғы Нобель сыйлығының Әдебиет жанрына лайықты деп жапон жазушысы Харуки Муракамиді таңдап отыр. Британдық букмекерлік сайттардың бірі Муракамидің жетістігі 3/1-ге тең деп есептеп шығарған.