Атырау, 5 желтоқсан 19:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраулық фельдшер Air Astana бортында жолаушыны құтқарып қалды

423 рет қаралды

10 қыркүйек күні Атырау – Алматы бағытындағы KC878 рейсін атқарған ұшақ қонуға дайындалып жатқан сәтте жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлап кетті.

Абырой болғанда дәл сол кезде ұшақ бортында қажетті маман табыла қалды.

Атыраулық жедел жәрдем фельдшері Асман Аманжолұлы бортсеріктердің өтінішіне байланысты дереу әрекет етіп, жолаушы әйелге алғашқы көмек көрсетіп, жағдайын тұрақтандырды. Алматылық әуежайға қонған соң жолаушыны жедел жәрдем бригадасы күтіп алды.

Асман мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырған жоқ: көктемде әріптестерімен бірге 66 жастағы ер адамды құтқарып қалды. Ол жедел жәрдемдегі жұмысынан бөлек, «Заманауи» қорын басқарады әрі ЕО-ның Орталық Азиядағы Жастар консультативтік кеңесінің мүшесі. Денсаулық саласындағы оның бастамалары дәрі-дәрмектің қолжетімді болу мәселесін көтеріп, үкімет назарын аудартқан.

Айта кетерлігі, бұл жолы Асман демалыста еді: ол атыраулық журналистермен бірге фактчекиң бойынша трениңге бара жатқан. Алайда оның кәсіби шеберлігі бірнеше мың метр биіктікте сыналды.

Air Astana кейін ресми түрде алғыс білдірді. Бірақ ең бастысы – жолаушының аман-есен жеткені еді.

Алма ҚАЛУСАРИЕВА

15 қыркүйек, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.