Атырау, 11 желтоқсан 21:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Ғашықтар вальсі

6 932 просмотра

Бейбіт ЖАМЕЛОВ пен Райгүл НҰРМҰХАНОВАНЫҢ үйлену тойы тек жас жұбайлардың ғана емес, сондай-ақ қонақтардың есінде де мәңгі қалатын шығар. Кортеж, мейрамхана, естелік суреттер сияқты үйреншікті рәсімдермен қатар тойды өткен жұмада Отбасы күнін тойлау аясында ұйымдастырылған театрландырылған неке қию рәсімі әрлендіре түсті.

Рәсімді өткізу орны ретінде облыстық әкімдіктің маңындағы жағалаутаңдалды.Үй бөлмесіндей безендірілген ротондаға төселген көрпе үстінде қадірлі апайлар жайғасып, жастарға шұбат пен бауырсақ ұсынды, баталарын берді. Күйеу жігіт пен қалыңдыққа сұлтан Бейбарыс та, нақтылап айтсақ, аңызға айналған бабамыздың бейнесіндегі әртіс те өз өсиеттерін айтты. Содан кейін көңілді мим оларға жүрек түріндегі әуе шарын сыйлады. Айта кетсек, Бейбіт пен Райгүлдің жеңіл қолымен үйлену тойының жаңа рәсімі пайда болды, бұл Атырауда жақсы ырымға айналатын шығар: жас жұбайлар жағалау қоршауына мызғымас отбасы символы ретінде құлып іліп, кілтін Жайыққа лақтырды. Сол арада жағалауда романтикалық вальс басталып кетті. Мерекелік рәсімге қала қонақтары да қатысқаны жағымды әсер қалдырды. Қалыңдық Меруерт АСАМБАЕВА Атырауға Алматыдан келді және болашақ жары Қанат ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ туған жеріндегі ыстық ықыласқа тәнті болды. Құрманғазы ауданынан келген Данияр МУСИН мен Исатай ауданының қызы Назымгүл КӘКІМЖАННЫҢ көңілді тойлары үшін де бұл шара ұмытылмас қуаныш болды. Олар осы әсем сезіммен үйлену тойы болатын Ганюшкин селосына аттанды. Бұл мерекені облыстық мәдениет басқармасы, қалалық ішкі саясат бөлімі және жастар ісі жөніндегі басқарма ұйымдастырды.

8 қыркүйекте Исатай мен Махамбет алаңында отбасылық жұптарды құттықтау рәсімі өтті. Алтын және күміс тойларын тойлап жатқан жұбайлармен қатар, өз бірлескен өмірлік жолдарын жаңа бастап жатқан жас жұбайлар да құттықтауларға ие болды. Мерекелік концертке Махамбет және Исатай аудандарынан келген отбасылық ансамбльдер көтеріңкі көңіл сыйлады.

Зулфия ИСКАЛИЕВА

Cуретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.