Атырау, 19 желтоқсан 00:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ауылым көшіп барады ...». «”Қазақстан жастар суицидінен алғашқы үштікте”». «G-20 шешімі: орындалмайтын үміт». «Қазақстандықтардың 540 мыңнан астамы нашар өмір сүреді». «“Байқоңыр”. Протон жыры. Божконың қазаққа жаны аши ма?».

3 070 просмотра

ULT.KZ. «Ауылым көшіп барады ...» - Кезінде тарқатылып, басқа аудандардың «құшағына» енген шекаралы аудандардың шырайы мүлде қашып, елге қорған болып тұрған елді мекендердің тұрғындары жаппай қалалы жерге ауа көшуін жалғастыруда.

AZATTYQ.ORG. «”Қазақстан жастар суицидінен алғашқы үштікте”» - Өзіне қол салу мәселесін зерттейтін балалар психиатры Сергей Скляр Азаттыққа берген сұхбатында жасөспірімдер суицидіне қатысты Қазақстан әлем бойынша алғашқы орындардың бірінде екенін айтады.

«"Тең дәрежеде жасай алмайтын келісімдер де бар"» - Қыркүйек айында Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында Назарбаев университетінде сөйлеген сөзінде Қытай басшысы Си Цзиньпин: «Қытай Орталық Азияда үстемдік етуге ұмтылмайды» деп мәлімдеді. Шынымен солай ма?

AIKYN.KZ. «G-20 шешімі: орындалмайтын үміт» - Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өткен G-20 дөкейлерінің кезекті бас қосуында өздерінше әлемдік экономиканы түзейтін шешім қабылдағандай болды. Экономикадан жөнді хабары жоқ БАҚ өкілдері де бұл шешім жөнінде пайдалы және нақты қадам деген сөзді айтып салды. Ал біз болсақ, оны «орындалмайтын үміт» деп бағаладық. Демек, бұл мақалада осы ойымыздың дұрыстығын дәлелдеу басты мақсат.

«Кәсіподақ қызметі заңмен реттелуі керек» - Қазір Кәсіподақ ұйымы төңірегінде қордаланып қалған түйткілдер көп. Соның ішінде ең өзектісі – оның қоғамдағы орнын анықтау.

SERKE.ORG. «Kaspi bank акционерін бопсалағандар қанша жылға сотталады?» - Алматыда прокурор Kaspi bank акционеріне қатысты бопсалаушылық ісі бойынша тергеуге алынған Владимир Цой мен Андрей Деркунскийді 12 және 13 жылға, Алексей Щербаны 2 жылға бас бостандығын айыруды сұрады, деп хабарлады В. Цойдың қорғаушысы Нұрлан Рахманов.

«Қазақстандықтардың 540 мыңнан астамы нашар өмір сүреді» - Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2013 жылдың 2 тоқсанында 3,2% (541,7 мың адамды) құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 0,9 пайыздық тармаққа төмен, деп көрсетілген ҚР статистика агенттігінің таратқан хабарында.

ABAI.KZ.  «Уаһһабшылдық қозғалысқа мемлекеттік тұрғыда қатаң тыйым салынуы тиіс!» - Түптеп келгенде айтпағымыз, ұлтымыздың жаназасын шығарып, мемлекеттілігімізді жарға жығатын уаһһабшылдық қозғалысқа мемлекеттік тұрғыда қатаң тыйым жасалуы тиіс.

«“Байқоңыр”. Протон жыры. Божконың қазаққа жаны аши ма?» - Өкінішке орай, бұл жолы да төтенше жағдайлар министрі Владимир Карпович Божко мырза үкімет мүшелерінің арасынан көрінбеді. Нақты жағдайда, бұл  министрліктің немен айналысып жатқанынан жұрт әлі күнге дейін хабарсыз.

«Лама Шәріптің Буддаға қатысы жоқ!» - Әрине, көпшілік қауым білместіктен қателесетін шығар. Бірақ, араб тілін білетіндердің өзі кейде әдейі өрескел сөз айтып, жұртты адастыратыны бар. Соның нәтижесінде «Лама Шариф – түсініксіз тұлға, лама – Будда дінінің «молдасы», ендеше, Лама Шариф те мұсылман емес, басқа дін өкілі, исламның жауы» деген пікір қалыптастыру – ол топтың мақсатына айналғандай.

NUR.KZ. «"Қазақстан тарихы" оқулығы қатеге толы» -Еліміздің мектеп оқушылары "Қазақстан тарихы" пәні бойынша қате білім алуда. 8-ші сыныпқа арналған оқулық пен оған қосымша атласта шәкіртті шатыстыратын деректер бар.

JASQAZAQ.KZ.  «Консулдың «контрабандасы» немесе шетелдегі өкілдеріміздің ерсі қылығын қайтсек тыямыз?» - Шетелдердегі дипломаттарымызға қатысты мұндай мысалды көптеп келтіруге болады. Тағы сол Еуропа елдеріндегі елшілік қызметкерлерінің айыппұлды төлемей қоюы немесе таксишімен жұдырықтасуы сияқты әрекеттер қылаң берді. Бұл – өте өкінішті жағдай. Өйткені дипломаттар шетелде жай қыдырып жүрген адамдар емес, олар – Астананың арнайы жіберген өкілдері, былайша айтқанда, Қазақстанның бетпердесі.

«Төрешілерді де, балуандарды да жазаладық» - «Биылғы дүркіреп өткен «Қазақстан Барысы» турнирінде қателікке ұрынып, пендешілік жасаған төрешілерді де, қазақ күресінің ережесін бұзған балуандарды да күрестен шеттеттік», – деп хабарлады «Жас қазаққа» арнайы сұхбат берген «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясының президенті Серік Төкеев.

«Азапқа айналған азаматтық» - Бейресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізге келетін  қандастарымыздың жартысына жуығының азаматтық алуы бір жылға созылады екен. Ал азаматтық ала алмай жүрген қаракөздер қаншама?

11 қыркүйек 2013, 08:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.