Атырау, 11 қазан 17:28
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«“Бақытжан Жұмағұловтың басына бұлт үйiрiлдi”». «Ши жин пиң келіп қайтты...». «Теңге долларды әлсірете ала ма?». «“Президент кетедi екен” деген әңгiме халықты алдарқатты». «Қашағанда қашан мұнай өндіретіні белгісіз».

1 872 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Жарылқап Қалыбай “Скатты” сотқа бермек» - “Скат” әуе компаниясының ұшақ бортында “бұзақылық жасағаны үшiн” әкiмшiлiк жазаға тартылып, уақытша қамау абақтасында үш күн отырып шыққан журналист Жарылқап Қалыбай “Скат” әуе компаниясын сотқа тартпақ. Бұл туралы оның адвокаты Абзал Құспан мәлiмдедi.

«“Бақытжан Жұмағұловтың басына бұлт үйiрiлдi”» - Бас прокуратура Бiлiм және ғылым ми­нистрлiгiнiң 2011-2012 жылдардағы жұмысын тексерiп, талай былықтың бетiн ашыпты. Бұл туралы “Интерфакс-Қазақстан” хабарлады.

«Екi түйе сүйкенсе...» - Санкт-Петербордағы “Үлкен жиырмалық” елдерi көшбасшыларының саммитiнде әлемдiк экономикадағы негiзгi үрдiстер мен оларға жауап беру мүмкiндiктерi талқыланды. Тараптар қаржылық реттеу мәселесi, соның iшiнде салық саласындағы iс-әрекет жоспары мен жаһандық қаржы саласын реформалау жөнiнде де пiкiр алмасты.

«Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайы мүшкiл» - Алматыда “Қазақстандағы сөз бостандығы: билiктiң ұстанымы мен шынайы тәжiрибе” тақырыбымен дөңгелек үстел өттi.

ABAI.KZ.  «Ши жин пиң келіп қайтты...» -  «Менің ресми шақыруыммен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мырза тұңғыш рет елімізге ресми сапармен келіп отыр. Бұл – Қазақстан үшін өте тарихи мәселе. Тәуелсіздік жылдарының ішінде біз Шығыстағы алып көршімізбен шекара мәселесін шештік. Екіншіден, біз екіарадағы көлік жүйесін шештік, стратегиялық әріптестікке қол қойдық», - деді Елбасы.

ALASHAINASY.KZ. «Теңге долларды әлсірете ала ма?» -  Осы айдан бастап Ұлттық банктің теңге бағамын анықтайтын жаңа қаржылық құралы іске қосылды. Тарқатып айтсақ, енді ұлттық валюта курсы бұрынғыдай тек долларға қарап есептелмейді, бұл арада АҚШ ақшасымен қатар, евро және рубльмен де санасатын боламыз.

«Армения Еуропаны неге Кедендік одаққа айырбастады?» - Екі апта бұрын ғана Еуропамен интеграциясын арттыруды қалайтынын мәлімдеген Армения күні кеше векторын Кедендік одаққа қарай кенет бұрды. Іссапармен Ресейде болған Армения Президенті Серж Саргсян Арменияның Кедендік одаққа қосылуға ниетті екенін білдірді.

MAIDAN.KZ. «“Президент кетедi екен” деген әңгiме халықты алдарқатты» - “Елде Жаңаөзен синдромы әлi де бар болғанымен, ол 2011 жылғыдай емес. Халықтың революциялық көңiл күйi басылып қалған. Жұртта “жақында президент кетедi, бәрi өзгередi” дегендей көңiл күй басым. Әсiресе, “президент сырқат көрiнедi, әне-мiне кетедi” деген әңгiме елдi тыныштандырып, жұбатты” дейдi саясаттанушы, Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры Толғанай Үмбетәлиева.

«"Бақытты елдер" тізімінде Қазақстан қай орында?» - Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі бақытты елдердің тізімін жариялады. Қазақстан екі саты жоғарылап, 57-ші орыннан көрініп отыр.

TAIQAZAN.ORG. «Қашағанда қашан мұнай өндіретіні белгісіз» - «9 қыркүйектен олар кейінге жылжытты (мұнай өндіру басталар мерзімді – ҚазТАГ) (...) Әзірге белгісіз, күтіп отырмыз», - деп мәлім етті ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2015 жылдан бастап жұмыс істейді» - «2015 жылдан бастап бізде әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жұмыс істейтін болады», - деді Н. Назарбаев.

TURKYSTAN.KZ.  «Жапония оралмандары» - Жылдар бойы, тiптi бiр ғасырға жуық уақыт Отанынан шалғай, болмысы бөлек елдiң арасында өмiр сүре жүрiп, атамекенге деген бекем сенiмiнен  бiр сәтке де айнымаған ниетi адал ағайындарға алғыс айтуға тиiспiз.

ULT.KZ. «Қазақ халқының бүгінгі таңдағы дін мәселелеріндегі аянышты жағдайы» - Қазақ  халқы қаншама аумалы-төкпелі замандарды, небір нәубеттерге душар еткен бодандық һәм атеистік кезеңдерді  бастан өткерді. Аллаһ Тағалаға сансыз шүкір, «мың өліп, мың тірілген» ұлтымыз тәуелсіздікке қолы жетіп, ата-баба дінімен қайта қауышты.

«Абайдың туған күнін нақтылы бір күнді белгілейтін уақытымыз жетті» - Cемейдегі Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында ұлы ақынның туғанына 168 жыл, 1903 жылғы өлеңіне 110 және толық жинағына 80 жыл толуына орай «Абай мұрасы» атты әдеби кеш өтті.

«Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба?» - Көне Шам елінің шырқын бұзуға ниетті алпауыт күштер дегеніне жетпей тынбайтын сыңайлы. Бұл майдандасудың ақыр-соңы ғаламдық шарпысуға әкеп соғатын сұрапыл соғысқа айналатын түрі бар.

SERKE.ORG. «Қазақстан көрші елдермен тату ма? Қауіп қай жақтан?» - Қазақстан өзінің сыртқы және ішкі саясатын өз бетінше айқындайтын тәуелсіз мемлекет болып табылады. Бұл күмән тудырмас қағида секілді. Бірақ, шынымен де солай ма?

NAMYS.KZ. «Анандитану» һәм сананы сериалдардан сақтаудың жолдары» -  Жұрт «Ананди» деп атап кеткен «Келін» үнді телесериалын әсіресе балалар жүректеріне жақын қабылдап алды. Ондағы үнділердің салт-дәстүрін, ойын-сауығын, тіпті діни ғұрыптарына дейін жаттап, зерттеп, көкейлеріне түйіп алғаны қашан.

«Қауіп: көгілдірлер мен лесбилердің саясаты күш алды» - Еуропа азғындардың ұясына айналып барады. Адамзат қоғамы азып барады. Ғасырдың басында жезөкшелікке жиіркеніш білдірген адам баласы бүгінде  оны  да «мойындап»,  өмірдің бір құбылысы ретінде  қарайтынды шығарды.

10 қыркүйек 2013, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.