Атырау, 11 желтоқсан 21:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

НКОК рұқсат бермеді

1 884 просмотра

«Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» (НКОК) еріктілерге Қарабатандағы «Болашақ» зауытының аумағына көшеттер отырғызуға рұқсат беруден бас тартты.

Естеріңізге салсақ, атыраулық Асылтек ЕСБОСЫНОВ Қарабатанда «жасыл белдеу» деп аталатын бөлігін көгалдандыру үшін өзінің тәлімбағынан 1 000 көшетті отырғызуға қол ұшын бере алатын еріктілерді жинауда («Халайық, көк белдеуді қолға алайық...» жарияланымын қараңыз). Кәсіпкер, сонымен қатар, «АЖ»-ға «Болашақ» зауытының аумағына кіруге рұқсат алуға қол ұшын беруді өтінген еді. Біз аталмыш материал мен редакция сауалын НКОК-қа жолдаған едік. Жұма күні бізге төмендегідей жауап келді: 

«Қауіпсіздікті және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының санитарлық-қорғау аймағында орналасқаны белгілі. Қажетті дайындықтан өткен және қорғаныс құралдарымен жарақталған қызметкерлер мен мердігерлерден өзге ешкімнің санитарлық-қорғаныс аймағына және кәсіпорынға кіруге қақысы жоқ. Нысанға кіру үшін Солтүстік Каспий жобасының басшылығынан алдын ала келісім алу керек. Келушілерге кәсіпорынға уақытша кіруге мүмкіндік беріледі. Сол уақытта олар біздің қызметкерлеріміз ұстанатын қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті. Осыған байланысты біз сіздің еріктілеріңіздің нысанға кіруіне рұқсат беру туралы өтініштеріңізді Консорциумның қанағаттандыра алмайтынын хабарлауға мәжбүрміз. НКОК түсіністік танытады және әрі қарай ынтымақтастықта болады деп үміттенеді. Егер өндірістік жағдайлар мүмкіндік беретін болса, консорциум осы секілді жобаларға қолдау көрсетуге дайын».

– Егер компания зауыт аумағына бөгде жандарды кіргізуден қауіптенсе, аумақтан тыс жерлерге отырғызуға рұқсат берсін. Біз бәрібір «Болашаққа» болмаса да, төңірегіне отырғызатын боламыз, - деп түсінік берді бұл жауапқа Есбосынов. – Оның үстіне бізде бәрі дайын.

- Еріктілер жиналды ма?

– Өте көп. Кем дегенде 152адам келісімін берді. Қаламыздың патриоттары қанша екенін елестетіп көріңіз. Жастар да, қарттар да, бәрі дайын. Сіздің газетіңізге де рахмет!

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 қыркүйек 2013, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.