Атырау, 26 қараша 09:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Халайық, көк белдеуді қолға алайық...

2 730 просмотра

Осы уақытқа дейін Қарабатанды көгалдандыру үшін жасалған әрекеттердің сәтсіздігі бәріне қол сілтеуге себеп емес, - дейді Атырау тұрғыны Асылтек ЕСБОСЫНОВ. Ол өз сөзін дәлелдеп, зауыт айналасындағы «көк белдеудің» негізін салу үшін 1 000 шыбық бөлуге дайын.

- Менің білуімше, ол жерде көгалдандыру жұмыстары тоқтатылған. Алайда, бұл - біздің туған қаламыз ғой, біз осы жерде тұрамыз, Қарабатанның айналасында тал өсіріп, түрлі зиянды лақтырындыларды жұта алатындай белдеу жасау өзіміз үшін керек, - дейді Есбосынов.Әрине, мұны 10 жыл бұрын жасау керек еді. Әрекеттер болды, біраќ жүзеге аспады... Менің көгалдандыру саласында тәжірибем бар және оның Қарабатанға көмектесетініне сенімдімін.

Қарабатанда қорғаныс көк белдеуін салу жобасын NCOC консорциумы 2011 жылдың аяғында ұсынған болатын. Сол кездің өзінде-ақ ол жұртшылық пен жергілікті көгалдандыру мамандарының сынына ұшыраған: сұрақтар жоба құнына да (түрлі деректерге сәйкес, 9-дан 30 млн долларға дейін), топырақты дренаждау, геотекстилмен ќорғау, басқа жерден топырақтың органикалық заттарын әкелу сияқты технологияларға да қатысты туындаған... Бұл заттар жылыжайлар мен тәлімбақтарда өзін жақсы көрсетті, алайда, біздің жағдайымызда әңгіме 14 га көлемді көк белдеу туралы ғой. Газетіміз бұл туралы бұрын жазған еді («АЖ» 15.12.11 күнгі №15 «Орман емес, шағын тоғай болуы мүмкін» және «ЖС» 25.10.12 күнгі №45 «Жетістік пе, сәтсіздің пе?» мақалаларын қараңыз).Жоба бойынша 2012 жылдың І тоқсанында сол жерде жергілікті табиғат жағдайларына шыдамды 137 мың тал шыбықтары қабылдануы керек болатын. Сонымен қатар көшеттер мен шөп жабындысын отырғызу да ойластырылған-ды. Алайда ол жерде бақ пайда болмады. Мүмкін жергілікті тұрғындардың азаматтық бастамасы қозғаушы күшке айналар?

- Сол жерде көгалдандыруға 1 600 га жер берілді, бұған зауыт аумағын да көгалдандыру да қосылады. Өкінішке орай, мені ол жаққа өткізбеді, кітапханаға барып, кітап қопаруға тура келді. Біз сонау кеңестік кезенде жасалған зерттеулерді таптық, сондықтан да сол жердегі топырақтың құрамын, сипатын білеміз... Әрине, бәрін көзіңмен көріп, қолмен ұстағанға не жетсін, ол үшін компания басшылығынан акция кезінде ішке кіру рұқсатын алу керек, - дейді Есбосынов.

- Тағы не керек?

- Нақтырап айтсақ, кім деп сұраңыз: көмекшілер, еріктілер керек. «Ақ Жайықта» жарық көрген жарияланым арқасында біз бірнеше жыл бұрын «Ночной дозор» (Атыраудағы жас адамдардың бейресми бірлестігі – З. Б.) жігіттерімен бірге Жилгородокқа 150 жеміс ағашын отырғызған едік.

-Бой алып кетті ме?

-Иә.

Есбосынов осы жолы да газет арқылы жақтастарын табуға үміттенеді. Еріктілер тік күрекпен жұмыс жасап білсе болды, шеберліктің де қажеті жоқ – тереңдігі мен көлемі бір метр болатын шұңқыр қаза алса жарайды. Есбосыновтың айтуынша, сол жердің топырағының бір ерекшелігі – тал отырғызылғанша «дем алып» тұру үшін шұңқырды қазір қазып қою керек.

- Тек шұңқыр қазудан басқа еш нәрсе керек емес пе?

- Тағы бес тоннадай ірі шебін тас қажет, өлтірілген ақ борды мен беремін, оларды бірден сеуіп кету керек. Тал отырғызуды күзде, жапырақ түскеннен кейін бастаймыз. Қазанның соңында, қарашаның басында. Топырақтың сорлығына байланысты қарағаш, көде боз жиде, жыңғыл еккен дұрыс. Тұран терегі де бұл жерге жақсы жерсінеді. Сондай-ақ екі машина ағаш жоңқасы мен қарашірік керек. Қарашірікті шаруа қожалықтарынан, ағаш жоңқаларын ағаш ұстаханаларынан аламыз деп үміттенеміз.

Асылтек Есбосыновтың есептеуінше, бір гектарға 333 шыбық кетеді, яғни олар жоспарлап отырған 1000 көшет үш гектар жерге отырғызылады.

- Зауыт басшылығы бізге тек жер беріп, арнайы ішке кіру рұқсатын берсін, ал біз өз қаражатымызға тал егеміз. Күтіп-бағуды компанияның өзі қамтамасыз етеді деп үміттенеміз – олардың көгалдандыруға арналған арнайы жоспары, тендерлерді ұтып алған фирмалары бар ғой...

Жер қазушы-еріктілер Есбосыновпен келесі мекенжайлар бойынша хабарласа алады: тел. 8 7122 29-88-32; факс 8 7122 29-88-06; e-mail: asiltek@mail.ru.

Осы материал мен редакциялық сұраныс NCOC баспасөз қызметіне жіберілетін болады.

Зүльфия БАЙНЕКЕЕВА

18 тамыз 2013, 22:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.