Атырау, 6 желтоқсан 01:46
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Сәтпаев даңғылын қайта жөндеу жұмыстары 2026 жылы жалғасады

453 рет қаралды

Видеодан стоп-кадр

«АЖ»-ға белгілі болғандай, жапсарлас жатқан Студенттер және Байтұрсынов көшелеріне асфальт жамылғысы қыркүйек айында ауыстырылады. Ал іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары келесі маусымға қалдырылды.

Бұған дейін жарияланған облыс орталығының басты көлік артериясын, соның ішінде Студенттер және Байтұрсынов көшелерін ауқымды қайта жөндеу жұмыстары өткен көктемде басталған еді. 20,3 млрд теңге (ҚҚС-пен) сомасына тапсырыс беруші – қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ал тендерді «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС ұтып алды.

Алайда бірнеше ай бойы кептелісте шыдамдылық танытқан атыраулықтар, жұмыстар тоқтап, техника кеткен соң, даңғыл көлік қозғалысына ашылғанда күткен үлкен өзгерістерді байқамады.

14 тамызда жол құрылысы нысандарына ұйымдастырылған баспасөз туры барысында қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов, Сәтпаев көшесінде жол төсеміне жоспарланған толық жөндеудің орнына жай ғана орташа жөндеу жүргізілгенін айтты. Себебі асфальт жамылғысы жарамды болып шыққан, ал мұндай шешім бюджет қаржысын үнемдеу үшін қабылданған.

Сонымен қатар, Атырау қаласы әкімдігінде Студенттер және Байтұрсынов көшелерінің жол жамылғысын жөндеу қыркүйек айына жоспарланғаны хабарланды. Ал абаттандыруға қатысты жобада көзделген жұмыстар (балалар ойын алаңдары, спорт алаңдары, серуен аймақтары, тыныш демалыс орындары, көлеңкелі аркалар, кіші сәулеттік формалар, түрлі типтегі жарықтандыру (соның ішінде тротуарларды жарықтандыру), веложолдар, жаңа аялдама павильондары, жаяу жүргіншілерге арналған субұрқақтар, бірегей стильдік мүсіндер) 2026 жылға қалдырылған.

«Бүгінде мердігер орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жалпы көлемнің 20 пайызын, яғни 847 000 000 теңге сомасында жұмыстарды орындады», – делінген «АЖ» редакциясының сауалына берілген әкімдік жауабында.

Лев ГУЗИКОВ

25 тамыз, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.