Атырау, 29 қазан 13:30
 дождьВ Атырау +10.2
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Қайрат Мақсұтов не үшін қызметінен босатылды? Бектенов түсіндірді

80 рет қаралды
фото samruk-energy.kz
фото samruk-energy.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовтың қызметінен босатылуына себеп болған жағдайларды түсіндірді.

Үкімет басшысының айтуынша, ұлттық холдингтің бұрынғы басшысы энергетикалық қуаттарды салу және жаңа нысандарды пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуын бақылау жұмысын жүйелі түрде тиісті деңгейде атқармаған.

«Оған бірнеше рет ескерту жасалды, алайда ол тиісті қорытынды шығармады. Сондықтан кеше Президент тарапынан қатаң сын айтылып, содан кейін тиісті шешім қабылданды», – деді Бектенов Үкімет отырысында.

Қайрат Мақсұтов 28 қазанда қызметінен босатылды. Осыдан кейін Премьер-министр Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорына нысандарды тапсыру мерзімдерінің қатаң сақталуын бақылауды және осындай олқылықтардың қайталануына жол бермеуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Үкімет мемлекеттік органдардың алдына бірқатар стратегиялық міндет қойды.

2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім: құжатты жыл соңына дейін толық жаңарту міндеттелді. Онда жаңартылатын энергетиканы дамыту, «таза» көмір технологияларын енгізу және 2027 жылы «Балқаш» атом электр станциясының құрылысын бастау мәселелері қамтылуы тиіс.

Уранның стратегиялық қоры: «Самұрық-Қазына» қорына Атом энергиясы жөніндегі агенттікпен бірлесіп, болашақта елімізде салынатын атом электр станцияларын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік уран қорын құру тапсырылды.


Бүгін, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.