Атырау, 10 қараша 21:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

«Оқулықтың тегіні де, ақылысы да жетпей жатыр». «Мемлекеттік қызметкерлер енді есепті «е-қызметке» тапсырады». «Мұхтар Тайжан Халықтық альянс құрды». «Климаттық өзгерістерге әзірміз бе?». «“Жұлдыздар отбасы” журналының қожайыны аспанда не істеді?».

2 102 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Оқулықтың тегіні де, ақылысы да жетпей жатыр» - Жаңа оқу жылы басталғалы бері орта мектеп оқулықтарын іздеген ата-аналар көбейді. Білім беру саласының өкілдері бюджет қаржысы кеш бекітілгендіктен тегін оқулықпен қамту созылып кеткенін айтады.

ALASHAINASY.KZ. «Мемлекеттік қызметкерлер енді есепті «е-қызметке» тапсырады» - Биыл мемлекеттік басқару жүйесі саласында біраз өзгерістердің болғаны белгілі. «А» корпусына іріктеу біраз шенеуніктің апшысын қуырса, енді бірінің қызмет-тағдырына түзету енгізді. Нәтижесі де жаман емес – мемлекеттік басқаруда жүрген бірталай азамат ел заңнамасын қайта ақтарып, бүге-шүгесіне дейін жатады.

«Еліміздің денсаулық сақтау саласына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік енгізу халық үшін тиімді болады деп ойлайсыз ба?» - Қазіргі таңда қазақстандық денсаулық сақтау саласының қос алпауыты, яғни мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекелестікпен жұмыс жасап жатқаны анық. Бірақ аз уақыттың ішінде олар серіктес атанып, біріге қызмет етер болса, халықтың денсаулығына қалай әсер етері белгісіз.

MASA.KZ. «Мұхтар Тайжан Халықтық альянс құрды» - Елімізде гептил мен әскери полигондарға қарсы Халықтық альянс құрылды. Экологтар, қоғам белсенділері және қарапайым азаматтар бас біріктірген бұл «одақ» гептилмен ұшатын ғарыш кемелерін және түрлі зымырандар мен ауыр техникалар сынақтан өтіп жатқан полигондарды Қазақстан аумағынан аластауды мақсат етеді.

HALYKSOZI.KZ. «Климаттық өзгерістерге әзірміз бе?» - Климаттың жаһандық өзгеруі енді ғылыми пікірталас тудырушы өзекті тақырыптан гөрі әлем назарын өзіне аударған күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ғалымдардың  зерттеуі көрсеткендей,  1880 жылдан бастап ғаламшардағы орташа температура 0,8 градусқа көтерілді. Егер зерделеп қарар болсақ, климаттағы 20 өзгерістің 19-ы 1980 жылдан кейінгі уақытқа тұспа-тұс келеді.

«Спортта ілгерілеу бар. Бірақ ойланатын да мәселе көп» - Бұл, шын мәнінде де, көптің көкейінде жүрген сұрақ. Кейде риторикалық сипатта болып көрінуі де мүмкін. Өйткені дәл Қазақ еліндей спортқа ерекше мән беріп, қаржы төгіп жатқан ТМД мемлекеттері, тіпті өзге елдер арасында да аз бүгінде. Өткен жылғы Лондон Олимпиадасында өркениетті, спорт державалары саналатын талай-талай аузымен құс тістеген мемлекеттердіңт өзін артқа тастап, 12-орынға бір-ақ шықтық! Мұндай ірі жеңіс қазақ елінің басында бұрын-соңды болмаған.

AIKYN.KZ. «”А” тобындағылардың жалақысы жоғары» - Енді коррупциялық қылмысқа қолын арамдаған немесе сыбайлас жемқорлыққа жол берген орталық және өңірлік деңгейлердегі шенеуніктер туралы ақпарат онлайн режимде «е-қызмет» жүйесіне түсетін болады. Осылайша, ел басшылығын уақытында хабарландырып отыру қызметі тіптен жақсара түспек.

SERKE.ORG. «“Жұлдыздар отбасы” журналының қожайыны аспанда не істеді?» - «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылғап Қалыбай ұшақ ішінде қазақша сөйлегені үшін 3 күн абақтыға қамалып, қорлық көрді» деген қазақтың намысын жанитын сөздің күлталқаны шықты. Ол 15 шақырым биіктікте ұшақ қызметкерлерін «иттің балдары» деп тілдепті. Ішіп алғаны да рас екен.

«Орталық Азия еркектерінің денсаулығы нашарлап кетті» - Орталық Азияның ер азаматтарының мезгілінен бұрын қайтыс болу ықтималдығы әйелдерге қарағанда жоғары. Ол алкоголь ішімдігінің, темекінің және тиімсіз тамақтанудың салдарынан созылмалы аурулардың кең етек алуымен байланысты болып отыр, делінген Дүниежүзілік банк (ДБ) таратқан хабарда.

«Қазақстандық балаларды шетелдіктердің асырап алуына беру дұрыс па?» - Қазақстандық балаларды шетелдіктердің асырап алуына тыйым салу демократия ұстанымдарын бұзу болып табылады, деп санайды ҚР парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова.

ABAI.KZ. «Араб көктемінің ақыры бар ма?» - Қазақияның ашық алаңына  өз ойымды ашық білдіруге тырыстым. Демек, бүгінгі адамдар бұқаралық ақпарат құралдары не айтса соған құдайдай сенеді. Исламды қаралаған әлде бір ессіздің сөзіне бас иеді. Ұлтқа жала жауып тарихын бұрмалаған азғынға әулиедей табынады...

«Ши жин пиң келе жатыр... қарыз сұраймыз ба? Қазақ сұраймыз ба?» - Қытайдың мемлекет басшысы Ши жин пиң Қазақ еліне келеді. Орта Азияның төрт мемлекетін аралауға шыққан Президенттері жайында Қытай ақпараттары «Орта Азия бізге тәуелді» деген сыңайда жарыса жазуда. Бейресми деректерге қарағанда Қазақстанның соңғы жылдары ханзу жұртынан алған қарызы 40 миллиард доллардан асатын көрінеді.

MAIDAN.KZ. «О-о-ол мен емес!..» - Осы аптадағы елді елең еткізген жағдай – Қайрат Нұртастың қатысуымен өткен караоке-шоудың айқай-шуға ұласуы. Атқамінерлер кінәні Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда кешеніне, «Прайм Плаза» өкілдері болса, Қайрат Нұртастың өзіне артады. Әнші дереу баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, шоуды дұрыс жоспарламаған ұйымдастырушыларды сынады.

NUR.KZ. «Зейнетақының қаржысы шетелге инвеcтицияға жіберілмек» - Қазақстан біртұтас жинақтаушы- зейнетақы қорының 20% активтерін 3-5 жыл ішінде шетелге инвестицияламақ.

«Ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады» - Жаңа зейнетақы реформасы аясында ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады.

9 қыркүйек 2013, 08:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.