Атырау, 6 желтоқсан 06:45
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Үкім өзгеріссіз қалды: Рано Нигметованың апелляциясы қанағаттандырылмады

838 рет қаралды

Атырау облысының апелляциялық соты алаяқтық үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған блогерге берілген жазаны жеңілдетуден бас тартты.

Бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Кеше Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы қорғаушы тараптың шағымын қарады. Адвокаттар үкімді жоюды және өз қорғалушысын толық ақтауды талап етіп, іс жүргізу ережелерінің бұзылғанын және дәлелдердің жеткіліксіз екенін алға тартты.

Алайда апелляциялық сот үкімді өзгертуге негіз таппады және оны заңды әрі негізді деп таныды.

Іс материалдарына сәйкес, Нигметова жәбірленушілерді 33 миллион теңгеден астам сомаға алдап, бірнеше миллион теңгенің гүл тапсырыстарын да төлемеген. Ол өз кінәсін мойындамады және қылмыстық істің толықтай бұрмаланғанын алға тартады.

Жақын арада сотталушыны Алмагүл ықшамауданындағы әйелдер колониясына ауыстыруы мүмкін.

Редакция облыстық соттан түсініктеме сұрады.

Айгүл МАНСУРОВА

15 тамыз, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.