Атырау, 11 қазан 16:21
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Әкім қалай көмекші болды?

3 731 просмотра

Қаржы полициясы тергеу алды тексеру барысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ және «Шуақ» ҚБ әрекеттерінен қылмыс құрамын тапты, ал арызда көрсетілген фактілер бойынша мүгедектерге сотқа шағымдануға кеңес берді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН ТӨРЕШІЛДІК

Қаржы полициясына арыз жазуға, мүгедектердің ойынша, жеке көмекшілерге төлемді кешеуілдетіп және толық бермегені себепші болған («Сәуірде сең қозғалды», «Әуреге салған әлеуметшілер», «Қаржы полициясы әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде» мақалаларын қараңыз). Бұл мүгедектердің алдымен қалалық әлеуметтік бөлімімен, содан кейін қызметтері арқылы төлем жүргізілген «Шуақ» ҚБ-мен арадағы қарым-қатынасына сызат түсірген еді.

Ал 22 тамызда мүгедектер тобы қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВПЕН кездесті.

- Біздің жеке көмекшілеріміздің жұмысы қалай екенін сезіну үшін мен әкімге мені сүйемелдеп, кабинетіне алып баруды өтіндім. Кездесу барысында ол біздің проблемамызға түсіністікпен қарады – әрине, жеке көмекшілерге қиын, кейде біздерді белгілі бір ұйымға және кәсіпорынға алып барғандары жөнінде құжат арқылы дәлелдеудің еш мүмкіндігі болмайды – ережедегі осы тармақ міндетті түрде алынып тасталатын болады деп сенім білдірді, - дейді көру қабілеті бойынша мүгедек Марат ҮМБЕТАЛИЕВ.Алайда бұл тәжірибеде әлі қолданылып отыр. Біздің көмекшілеріміз шілде айының ақшасын әлі алған жоқ.

Мәселенің тарихына көз жүгіртейік. Міне бірнеше жылдан бері І топ мүгедектері өздерінің көмекшілеріне (негізінен, отбасы мүшелері: аналары, жұбайлары, балалары) төлем төлеуде үнемі проблемалар туындап отыратындығына шағымданып келеді. Біресе төлем мөлшері азайса, біресе есептесу ережелері өзгереді. Осы жылдың басынан бастап мүгедектер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынып отырған мүгедектердің көмекшілерімен бірге барған жерлері қызмет көрсететін ұйым мен кәсіпорынның мөрі қойылған құжат арқылы расталуы керек деген ереже тармақтарының күшін жоюды талап етіп жүр. Өйткені, әсіресе, коммерциялық ұйымдар (дәріханалар, шаштараздар, ұялы байланыс салондары және т.б.) мөр соғудан бас тартады немесе кейбірі осы үшін ақша төлеуді талап етеді, ал бұл жемқорлықтың туындауына жағдай жасайды. Сонымен қатар, адамдар қалалық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Нұрлы ХАБИЕВАНЫҢ жұмысына риза емес, ол, мүгедектердің пікірінше, жеке көмекшілерге қалыпты жалақы төлеуге үнемі кедергі келтіріп отырады. Ол жеке көмекшілердің ақшасы неге қиылатынын, төлемдер неге кешіктірілетінін түсіндіруден бас тартады, алайда бұл оның тікелей міндеті емес пе?

 

ЖАУАП ҚАНАҒАТТАНДЫРМАДЫ

 Біз қала әкімінің атына мүгедектердің жеке көмекшілерінің жалақысын есептеу мен төлеуде неге үнемі проблемалар пайда болатыны жөнінде ресми түсінік беру үшін, сонымен қатар сағат есептеу табельдеріне міндетті мөр соқтыру ережесі алынып тастала ма деп сұраныс жібердік. Қалалық әкімдік, қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВТЫҢ тұлғасында, жауап ретінде «АЖ» 13.04.13 күнгі «Сәуірде сең қозғалды» мақаласынан кейін 2013 жылы 15 сәуірде алған Нұрлы Хабиеваның хатын сол күйінде көшіріп, қайта ұсынды. Хатта қазір жеке көмекшілерге төлем төлеуді жүргізбейтін «Мүгедектер әлемі» ҮЕҰ туралы жазылған. Жаңа оператор – «Шуақ» ҚБ туралы бірде-бір сөз жоқ. Хат соңында Хабиева ханым мүгедектерге жек көрінішті болған осы табель күшін жояды деп үміттендірді. Үзінді келтірейін: «Бүгінде жеке көмекшілердің табель толтыруларында туындайтын белгілі бір қиындықтарды есепке ала отырып, мүгедекпен бірге жүрген уақыттарына хронометраж жүргізіледі. Жұмыс уақытын есептеу табелінің орнына орындалған жұмыс актісін ресімдеу нұсқасы қарастырылып жатыр, осы құжат жеке көмекші жұмысын төлеуге негіздеме болып есептелетін болады». Естеріңізге салсақ, бұл жауап сәуірде жасалған еді. Қазір қыркүйек қырға шығып жатса да, мүгедектер табельдермен әлі айқасып жүр. Олар алда болатын облыс әкімімен кездесуге қатты үміттенеді. Ал егер бұл да көмегін бермесе, тек соттасу ғана қалады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

7 қыркүйек 2013, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.