SERKE.ORG. «Шекарашы Челахты сатып кеткен кім?» - «Адвокат Серік Сәрсенов өзінің қорғауындағы Челахты сатып кетті» деп мәлімдеді «Солдат аналары комитетінің» төрайымы Людмила Костенко. Өйткені, С.Сәрсенов Владислав Челахтың ісі бойынша өткен Жоғарғы соттың отырысына себепсізден-себепсіз қатыспай қойды. Л.Костенконың ойынша, егер адвокат сотқа қатысып, Челахты қорғап сөз айтқанда, сот шешімі басқаша болуы мүмкін еді.
TURKYSTAN.KZ. «Таққа мінген 13-ші министр» - Білім беру саласына жаңа басшы келді - Еліміздің білім ұялары күміс қоңырауын соғып, шәкірттерді оқуға шақырғаны кеше ғана. Сол күні мектепке асыға жеткен 2,5 млн. оқушыны Білім күнімен құттықтап, сәттілік тілеген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осы аптада қызметінен босатылды. Президенттің Жарлығымен Білім және ғылым министрі болып Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов тағайындалды.
«Жеті емес, жетпіс жұрттың таласы бар Сирияда соғыс өрті басылмай тұр» - Өйткені әлемдік үстем тап жетпіс жұрттың мүддесі тоғысқан елді жайына қоюға құлықсыз. Соңғы күндері халықаралық қауымдастықтың бір кісідей алаңдап көз тіккен тұсы – Сирия. Екі жылдан бері бұл елдің тынышы кетіп, берекесі қашты. Жергілікті халықтың жанын жегідей жеген жайт – осы аймақта жеті емес, жетпіс жұрттың мүддесі бар. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман көзден бал-бұл ұшып, Сирия соңғы үлгідегі соғыс техникасының сынақ алаңына айнала бастады.
ALASHAINASY.KZ. «Әншілерді аттестациядан өткізіп, кәсіби жағынан тазалайтын заң қабылданса...» - Ақжол МЕЙІРБЕКОВ, «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері, профессор: – Иә, мәдениетке: классика болсын, эстрада болсын, кино болсын, театр болсын, шоу-бизнестің араласқаны рас. Бірақ материалдық жағдайы бар адамның қай салада да тұрмысы да тәуір, киімі де жақсы, қарны да тоқ, болашағы да жарқын болады. Пайғамбарымыздың да «Мұсылман бай болуы керек» деген сөзі бар. Кембағал, қарны аш, жұпыны, жүріс-тұрысы қиын адам кімге керек?!
ZHASALASH.KZ.«“Бiз өз жерiмiзде өгей бола алмаймыз!”» - Қазақстан баспанасыздарының халықтық жиналысына шақыру - “Бiрге”, “Желтоқсан ақиқаты” және “Солидарность” қоғамдық қозғалыстары бiрлесiп өткiзетiн қазақ халқының болашақ тағдырына тiкелей қатысы бар халықтық жиналысқа шақырамыз. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әр азаматтың баспаналы болуға құқы бар. 2006 жылғы 1 тамызда үкiметтiң №726 қаулысында азаматтардың 10 сотық тегiн жер телiмiн алуға қақылы екенi жазылған.
HALYKSOZI.KZ. «Мұхтар ШАХАНОВ: Жарылқаптың жанынан табылыңдар, айналайындар!» - Сәрсенбі күні Мұхтар Тайжан, Айдос Сарым, Қасым Аманжолұлы сынды азаматтар мен бір топ журналист, әншілерден Нұрлан Албан бар, “SCAT” әуе компаниясының қызметкері түсірген шағым негізінде 3 күнге қамауға алынып, Алматы қаласындағы Рысқұлов пен Лобачевский көшелерінің қиылысындағы уақытша қамау мекемесінде жатқан «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз Адам» журналдарының бас редакторы Жарылқап Қалыбайға қолдау білдіріп қайтты. Журналист жатқан уақытша тергеу изоляторының алдына біраз адам жиналды.
AIKYN.KZ. «Пәтер қымбаттап барады» - Бұл тек қағаз бетіндегі баға. «Базарға бәрі барады, бірақ бәрін қалтадағы қаржы шешеді» дегендей, пәтер сатушылар қайткен күнде де жылжымайтын мүлігін қымбатқа сатып қалуға жанталасуда. Бұл түсінікті де. Өйткені пәтер сатушылардың басым бөлігі отырған баспанасын кеңейткісі келеді. Кеңірек пәтердің бағасы, екі есе жоғары.
«Астана «ақылды қалаға» айналады» - Қазақстанның Астанасы 2017 жылға қарай адам танымастай өзгеретін болады. Бүгінде елордамыз «халықаралық деңгейдегі «Ақылды қалаға» (Smart city) айналу жолына тұрды.
«Армения Кедендiк одаққа кiрмек» - Арменияның бұл шешімі Батыста таңданыс туғызды. Бірақ армян елі үшін өзінің ежелден араласып, құраласқан, дәстүрлі серіктес елдермен қайта одақтасуға белді бекем буғандай.
«Жаһандағы жойқын жер сілкіністер» - Табиғаттың тосын мінезіне қашанда дайын бола бермесіміз анық. Төсіне талай ғасырдан бері қаншама адамды сыйғызып, тіршілік нәрімен сусындатып жатқан Жер Ананың да қапысызда дүр сілкіндірген тосын мінезі есеңгіретіп тастайтыны да бар.
TAIQAZAN.ORG. «Секс-дәме танытты деп айыпталған таэквондошы Теңізбаевтың соты 2014 жылғы 6 қаңтарда өтеді» - Ұлыбритания азаматшасына жыныстық дәмешілік танытты деп айыпталған қазақстандық таэквондошы Азамат Теңізбаевтың сот ісі жөніндегі кезекті отырысы 2014 жылғы 6 қаңтарда өтеді, деп мәлім етті бапкер Арман Чилманов.
«Әкім және кәсіпкер. Кім жеңді?» - «KSS-building» ЖШС Барлық Мендығазиев Батыс Қазақстан облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың билігін асыра падаланғаны туралы айтылған айыптауларынан бас тартты, деп хабарлады «Аатамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палата (ҚҰЭП) басқармасының бастық орынбасары Рақым Ошақбаев.
ABAI.KZ. «Скаттың» жолсерігі: «Қазақ тілін білмеймін, білгім де келмейді!» - Мен, Алтынай Қабиденқызы, Жарылғап Қалыбайдың жарымын. Екі баласының анасымын. Кешеден бері үлкен әңгімеге айналып үлгерген оқиғаның шын мәнінде қалай өрбігенін нақты айтып бере алатын мен болып тұрмын. 26 тамыз күні кешкі сағат 21.00 шамасында отбасымызбен Анталия-Алматы бағыты бойынша «Скат» әуекомпаниясына тиесілі ұшақпен елге қайтып келе жатқанымызда 1 жасар баламыз Махамбеттің кенеттен қызуы көтеріліп, мазасызданып жылай бастады.
«Қайрат Нұртастың феномені мен жастар саясатының олқылығы» - Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда орталығында болған жаппай тәртіпсіздік 20 жылдан астам уақыт жүргізілген жастар саясатының бірқатар олқылықтарын ашып көрсетті. Әнші Қайрат Нұртасты тыңдайтын, арзан фаст-фудтан тамақтанатын, америкалық фильмдердің рухында тәрбиеленген әрі өзара тек қазақша сөйлейтін бұл жастар ұрпағын қаншалықты саяси күштер мен зиялы қауым танып білді екен?! Жастар саясатында ұран көп, қыруар қаржы да бөлініп жатыр.
MAIDAN.KZ. «Біз білмейтін қитұрқы бір банктің тарихы немесе «тонаушылық» қалай болды» - «Мұхтар Әбіләзов «БТА банкті» тонап кетті!», «Банкінің 5 миллиард долларын алып кетті!», «Банкіні тақырға отырғызып кетті!»... Осы сияқты «кеттіге» келтіріп, сырттан тон пішкен сөз көп. Ақорданың айтуымен шыққан сол сөзге қара халық имандай иланады. «Жөн екен, бірақ дәлел қайсы?» – деп сұрасаң: «Сот анықтады ғой!..» – дейтін уәж есті ауызға дес бермейді. Ал анығында ол сотың Назарбаевтың қолбала соты екенін білетін жұрт сол соттың солақай шешімінен өзі де қан қақсап жүргенін білмейтініне таңданасың.
ZHEBE.COM. «"Қазақ елі" пәні «стан» жалғауынан арылудың басы» - Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Астана қаласындағы №64 мектеп-лицейінде болып, елорда мектептерінің шәкірттеріне биылдан бастап сабақ кестесіне енген «Қазақ елі» пәнін жүргізді.
«Тәжиннің тапсырмасы: 7 айда не өзгерді?» - Жыл басында, дәлірек айтқанда, ақпан айының ортасында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин алқалы жиын өткізген. Бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын жинағаны бар еді. Сөйтіп, отандық медиа-нарықтағы кемшіліктерді ашық айтып, ақпарат құралдары басшыларына біраз тапсырма да жүктеген. Содан бері де 7 айдан астам уақыт өтіпті. Аз уақыт емес бұл. Бірақ, медиа-нарықта елді елең еткізген өзгеріс байқалмады.
NUR.KZ. «Қытай Қазақстаннан шығатын мұнайды бақылауда ұстауды көздейді» - Қытай басшысы Орталық Азия елдеріне ұзақ сапарға аттанды. Сарапшылар пікірінше, мұнай мен газдан бөлек, Си Цзиньпинді аймақтағы қауіпсіздік мәселесі де алаңдатады.
«Назарбаев жаһандық дағдарыстың себебін атады» - Нұрсұлтан Назарбаев шақыруға ризашылығын білдіріп, жаһандық дағдарыстың бір себебі экономиканың нақты секторымен байланыссыз "сабынды көбік" түріндегі қаржылық құрылымдардың қарқынды дамуы екенін атап өтті деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
BAQ.KZ .«Қазақ киногерлері арасындағы дау одан сайын ушықты» - Қазақ киногерлері арасындағы дау да одан сайын ушықты. Бұрынғы басшы Игорь Вовнянконы Кино үйінде гей-клуб ашуға жол берді деп айыптаған киногерлер, тіпті оның заңды белшесінен басып отырғанын айтады.