Атырау, 19 желтоқсан 00:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Жұлдызды сәтiн күтетiн топ пiсiп-жетiлген». «Екi түрлi әлемде күн кешкен Қазақстан». «Путин мен Обама келiсе ала ма?». «Си Цзиньпин келе жатыр. Қазақ-қытай қатынасы қалай дамиды?». «Жазушылар одағының басшысын сайлау – жазушылардың өз iсi».

2 172 просмотра

 TURKYSTAN.KZ. «Ішкі туризм толғандырады» - Қазіргі күні, әлемде туризм кіріс кіргізу жөнінен мұнаймен қатар орын алатыны белгілі. Мысалы, Түркияда 2012 жылы 31 мил­ли­он­нан астам турист болған екен. Ал, соңғы 10 жылда Түркияға келетін туристердің саны 3 есе өскен. Егер, әр турист елге кем дегенде 1000 доллар қаражат алып келеді деп есептесек, қанша кіріс келіп жатқанын бағамдай беріңіз. Тіптен, Түркия 2014-2018 жылдары туристер санын 48,5 млн.-ға жеткізуді көздеп отыр.

«“САРАТС-2” СЕНІМДІ ЕСЕЛЕЙ ТҮСТІ» - Жоба бойынша нақты істердің бағдарламасы негізінде Арал теңізі және Арал өңірінің экологиялық, әлеуметтік, экономикалық ахуалы жан-жақты тұрғыдан ескеріле отырып, белгілі жылдар кемерінде аса маңызды жұмыстарды атқару көзделді. Жобаның жүзеге асырылу аумағы Шардара су қоймасынан бастап Сырдария алабы бойымен Арал теңізіне дейін деп белгіленді.

 ZHASALASH.KZ.«Жұлдызды сәтiн күтетiн топ пiсiп-жетiлген» - Тек бастаушысы табылса болғаны - Өткен сенбiде Алматыда Прайм Плаза ойын-сауық сауда үйiнiң аумағында болған жаппай тәртiпсiз­дiктен кейiн әр тарап кiнәлiлердi iздеуге кiрiстi. Десек те жастарды мұндай оғаш әрекетке не итермелегенiн қаузап, қорытынды жасап жатқандар көп емес. Басым бөлiгi шикiлiктi бергi беттен iздеп, әншi мен тыңдарманның бiр-бiрiн сыйламауынан, жергiлiктi билiк пен құқық қорғау органдарының ахуалды бетiмен жiбергенiнен, нашар ұйымдастырудан көредi.

«Екi түрлi әлемде күн кешкен Қазақстан» -  31 тамыз, сенбi күнi Алматының байшыкештер тұратын аймағында, 5 жұлдызды “Royal Tulip” мейрамханасында президенттiң немересi, Рахат Әлиев-Шораз бен Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанның үйлену тойы өттi. Тойға жүздеген жоғары лауазымды кiсiлер мен туған-туыс және “алтын” жастар қатысты...

«Путин мен Обама келiсе ала ма?» - АҚШ-тың Сирияға қарсы күш қолдану-қолданбауы мәселесi соңғы күндерi әлемдiк БАҚ-тың бiрiншi бағанынан түспей тұр. Бұл мәселенiң нүктесi 9 қыркүйекте екi палатаның өкiлдерi каникулдан келген соң қойылмақ.

SERKE.ORG. «Си Цзиньпин келе жатыр. Қазақ-қытай қатынасы қалай дамиды?» - Қыркүйектің 6-8 күндері  Қазақстанда мемлекеттік сапармен Қытай төрағасы Си Цзиньпин болады. Ол осы қызметіне 2013 жылы наурызда кіріскен. 2012 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы сауда айналымы 12,5% артып, $24 млрд. болды. Ол өзінің Орталық Азияға жасайтын турне қарсаңында және Санк-Петербордағы G20 саммитіне қатысу алдында ҚазТАГ агенттігіне сұхбат берді.

ABAI.KZ. «Жазушылар одағының басшысын сайлау – жазушылардың өз iсi» - Бiзге жартыкеш басшының керегi  жоқ  –   Нұрлан Оразалиндi қай­да алып кетсiн, мейлi министр қойсын, сенатор етiп қойсын, онымен еш шаруам жоқ. “Қой асығы демеңiз, қолыңа жақса сақа тұт” демекшi, қолайына жаққан екен, сенатор етiп қойыпты. Ендi бiз, жазушылар, Н.Оразалинмен дұрыстап қоштасып, өз төрағамызды сайлап алуымыз керек. Бiр қолыммен – сенаторлықты, екiншi қолыммен – Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағалығын алып жүрем десе, онда кiм-кiмге де айтарымыз мынау: Бiзге ондай жартыкеш басшының керегi жоқ!

AZATTYQ.ORG. «Байқоңыр маңы тұрғындарының құқықтық белсенділігі керек» - Осы апта заңгер Әнуар Түгел Байқоңыр қаласы маңын экологиялық апат аймағы деп санау жөнінде бастама көтерді. Адвокат Абзал Құспанның айтуынша, ұсыныстың іске асуы сол өңір халқына байланысты. Қазақстан адвокаттар одағының төрағасы Әнуар Түгелдің сөзіне қарағанда, «Қазір экологиялық апат аймағына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандары, Ақтөбе облысының Шалқар аудандары жатады. Ал Қазалы ауданымен көршілес жатқан Қармақшы ауданының аумағындағы Байқоңыр қаласының төңірегі – экологиялық дағдарыс аймағы (яғни адам өмірі мен денсаулығына зияны апат аймағындағыдан аздау өңір – ред.)». «Байқоңыр маңы тұрғындарының құқықтық белсенділігі керек»

«"Атамекен": Кәсіпкер облыс әкімін айыптағанына өкінді» - Батыс Қазақстандағы кәсіпкер, "салық төлеуден жалтарды" деп айыпталып, қамауда отырған Барлық Меңдіғазиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің атына айтқан айыптарынан бас тартты деп хабарлады "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасы ресми сайтында.

MAIDAN.KZ. «Серікболсын ӘБДІЛДИН: “Қазіргі халық осы күнімнен айырылып қалам ба деп қорқады”» - Соңғы кездері Қазақстан билігінің «тақ мұрагерлігіне» қатысты әңгіме жиі қозғала бастады. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа қатысты әңгіменің ауанын басқа жаққа бұрып жібермекке ниет білдірген Нұрсұлтан Назарбаев та бұл тақырыптың маздағына май құйып жіберген сияқты.

«Жол полициясы комитеті жуықта таратылады?» - Соңғы уақытта Қазақстанның ІІМ Жол полициясы комитетінде өзгерістер белсенді түрде жүргізілгені белгілі. Комитет төрағасымен қатар, облыстық және қалалық басқармалардың басшылары да орындарын босатты. Бұл туралы Zakon.kz хабар таратты. Жол полициясындағы өзгерістердің астарында не жатқаны әзірге белгісіз. Бәлкім, жуық арадағы Комитеттің таратылатындығы туралы сыбыстар рас шығар. Мағлұматы бар кісілердің айтуынша, екі айдан кейін бұл мекеме Әкімшілік полиция комитетімен біріктірілуі мүмкін.

«Жанар Боранбаева құраншы ма, әлде шағыстырушы технолог па?» - Жанар Боранбаеваның артында кім тұруы мүмкін? Бұл оқиғаның зардабы қандай болмақ?Кейде «жұрт ақымақ емес, онсыз да біліп отыр ғой» деген ойымыздың арты немқұрайдылыққа апарып соғатыны бар. Жанар Боранбаева есімді әйел мәлімдеме жасады деп бәз бір журналистер аттандай бастағанда, «жала екені белгілі ғой, нені дәлелдеп әуре боламыз» деп қоя салғанымыз – осының мысалы.

ZHEBE.COM. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры: күдік пе, әлде үміт пе?» - Осы айда еліміздегі жеке зейнетақы қорларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) біріктіру рәсімінің кестесі бекітіледі. Онда зейнетақы активтерін өткізіп беру мерзімдері көрсетілмек. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, бір қор салымшыларының салымдары бір күн ішінде аударылады, сөйтіп барлық зейнетақы салымдары кезекпен ауыстырылмақ.

5 қыркүйек 2013, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.