Атырау, 6 желтоқсан 12:10
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қала әкімі жасыл желектерге ұқыпты қарауға шақырды

Бейнежазба
1 015 рет қаралды

Атырау қаласының әкімі тұрғындарды қаладағы жасыл желектерге, әсіресе соңғы апталарда  ағаштарды зақымдау оқиғалары тіркелген Жеңіс саябағындағы алма бағының күтіміне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Бұл бақ 2021 жылы жергілікті кәсіпкердің бастамасымен және демеушілігімен құрылып, онда 1000 алма ағашы отырғызылған.

Отырғызу сәтінен бастап ағаштардың күтімі мен агротехникалық жұмыстары қалалық әкімдіктің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қарауындағы «КаспийДорМостСтрой» (КДМС) мекемесімен жүргізіліп келеді.

КДМС мәліметінше, ағаштардың бәрі жақсы жағдайда, және үш жылдан бері жеміс беріп келеді. Алайда соңғы уақытта жасыл желекке зақым келтіру және вандализм оқиғалары жиілеген.

Әкімнің айтуынша, жасыл желек — бұл барлық тұрғындардың ортақ байлығы, оны қорғап, құрметтеу қажет.

Осыған байланысты:

  • Жеңіс саябағы аумағында бақылау күшейтіледі;

  • КДМС мекемесі мен полиция қызметкерлері 24 сағат бойы бақты бақылауда ұстайды;

  • Ағаштарға зиян келтіргендерге қатысты заңды шаралар қолданылатын болады.

Айта кетейік, КДМС жыл сайын қала аумағында 27 000-нан астам ағаш отырғызып, 95 000-нан астам жасыл желектерге күтім жасайды.

Еске салсақ, Жеңіс саябағының шетінде орналасқан қалалық бақта тұрғындарды тегін өнім жинауға шақырғаннан кейін зақым келтірілгені хабарланған еді.


24 шілде, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.