Атырау, 6 желтоқсан 13:30
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда апатты деп танылған екі қатарлы үйлер сүріліп жатыр

459 рет қаралды

Атырауда қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан бес мекенжай бойынша тұруға жарамсыз деп танылған сегіз ғимаратты бұзу жұмыстары жүріп жатыр.

Сүру жұмыстары кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақталған. Жұмысқа 10 маман және 8 арнайы техника жұмылдырылған. Сүру жұмыстарын 2025 жылғы жаздың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Мердігер ұйым – "AG Disinfecting" ЖШС.

Қазіргі кездегі бұзу жұмыстарының мекенжайлары:

  • Қожақаев көшесі, 1
  • Бейбітшілік көшесі, 64 және 66
  • Достық көшесі, 8 және 12
  • Оңдасынов көшесі, 9
  • Стаханов көшесі, 3 және 4

Апатты үйлердің барлық тұрғындары алдын ала жаңа пәтерлерге көшірілді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың жазынан бастап Атырауда ескі жеке үйлерді бұзу бойынша ауқымды жұмыстар басталды. "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында ескірген немесе апатты деп танылған 117 тұрғын үй құрылысын бұзу басталған болатын.

Сонымен қатар, Атыраудағы Самрұқ (бұрынғы Алтай) көшесіндегі екі қабатты үйлердің тұрғындары ондаған жыл бойы көшіруді күтіп отыр.


22 шілде, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.