
Атыраудағы Самрұқ (бұрынғы Алтай) көшесіндегі екі қабатты үйлердің тұрғындары ондаған жыл бойы көшіруді күтіп отыр.
Атырауда адам тұруға қауіпті болып тұрған бес үй бар. Оларда күрделі жөндеу жасалмаған, пәтер иелері кооперативі жоқ, ертеңгі күнге сенім де жоқ. Коммуналдық мәселелерді олар 109 қызметі арқылы шешеді. Қалғанының бәрін өз күштерімен жасап отыр.
«Кіреберісте баспалдақ жоқ деуге болады. Біз өжоғары көтерілгенде не құлап қаламыз ба, не шіріген төбенің астында қаамыз ба деп қауіптенеміз. Қыста желден пәтердегі линолеум көтеріледі», - дейді 1983 жылдан бері осында тұрып келе жатқан Любовь Мутьева.
№9 үйдің тұрғыны Галина Нестман бұл үйлердің сүрілетіні туралы өткен ғасырда айтыла бастағанын айтады. «Өткен жылы көрші ванна қабылдап жатқанда астындағы едені жарылып кетті. Сонда еденнің асты жерге дейін бос қуыс екен», — деп қосты ол.
Тұрғындардың айтуынша, үйлер бұрынғы бомбапананың үстіне салынған. Ескі тоннельдердің топырақпен толтырылған-толтырылмағаны белгісіз. Егер толтырылмаған болса, онда бұл қуыстарға түсіп кету әбден мүмкін.
Әзірге тұрғындар өз қолымен өздері шатырларды жамап, ағымдағы жөндеуге ақша жинап, терезелерді желден қорғап жапсырады. Бірақ бұл тек моральдық жағынан ғана көмектесе алады.
«Біз тіпті косметикалық жөндеу де жасамаймыз. Бүкіл балалық шағымыз бүгін-ертең бұл үй бұзылады деген әңгімелермен өтті. Біз осы уәдемен өстік», — дейді олар.
Бір кездері жақын маңдағы гараждарды бұзып, осы жерге жаңа үй салу жоспары болған. Бірақ бұл жұмыс қағаздағы сызбалардан әрі қарай жылжымады. Қазақстан мұнайының мерейтойына қарай қарама-қарсы үйлер боялды, ал бұл үйлер бұрынғыша – қабырғалары сырланбаған және жарықтарымен қалып қойды.
Атырау әкімдігі Алтай көшесіндегі №1, 3, 5, 7 және 9 үйдің авариялық деп танылғанын растады.
– Бұл үйлер жаңарту бағдарламасына енгізілген, – деп хабарлады әкім орынбасары Талғат Махуов. – Онда бұзу және көшіру көзделген, бірақ жеке инвесторлардың қатысуымен ғана жүзеге асырылады. Қазір біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жалпы қалада 93 апатты үй бар, ал және оларды көшіру жаңа тұрғын үй құрылысының қарқынына байланысты.
Мұны естіген тұрғындар тағы да күрсінді. Олардың есебінше, бұл 26-уәде болды.
«Күте тұрамыз. Тұрып жатқан үйлеріміз сияқты. Әзірге...», — дейді олар.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Сурет пен видеоны түсірген автор
В Атырау 0 

