Атырау, 6 желтоқсан 14:53
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​​Атырауда жағажайлар ашылмаса да, Жайықта шомылушылар көбейді

366 рет қаралды
"АЖ" мұрағатынан

Атырау қаласында ресми жағажайлар әлі ашылмағанымен, Жайық өзеніне суға түсетіндер қатары артып отыр. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Бұл турады ҚазАқпарат хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданындағы «Малибу» жағажайы әзірге талаптарға толық сай келмейді. Сондықтан жағажай ресми түрде ашылғанға дейін тұрғындарға шомылудан бас тарту сұралды. 

Қазіргі уақытта қалада екі жағажайды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Атырау қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары Гүлжан Құлбаеваның айтуынша, «Малибу» жағажайы мен «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені жанындағы жағажай 10 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Аталған бағыттағы ашық конкурс нәтижесі бойынша бірінші жағажай — жеке тұлға Жомарт Ахмановқа, ал екіншісі «NA Pallet Group» ЖШС-не сеніп тапсырылған.

Қазір жағажайларды сенімгерлікке беру жөнінде келісімшарттар жасалып жатыр. Жоспар бойынша, бұл аймақтар демалушылар үшін ыңғайлы, санитариялық талаптарға сай және қауіпсіз демалыс орны ретінде жабдықталады. Жағажай түбі сүңгуірлермен тексеріліп, аумақта тазалау мен көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.

— Жобаның басты мақсаты – жағажай инфрақұрылымын жақсартып, сапалы қызмет көрсету арқылы тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз демалыс орнын ұсыну, – деді Гүлжан Құлбаева.
21 шілде, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.